ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ-да республикалық референдумға арналған дөңге...

ҚазҰУ-да республикалық референдумға арналған дөңгелек үстел өтті

Алматы Кеше 17:59 93
ҚазҰУ-да республикалық референдумға арналған дөңгелек үстел өтті
ҚазҰУ
Әл-Фараби кітапханасында жаңа Конституция жобасы және референдум институтының маңызы мен мәніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар, үкіметтік емес...

Әл-Фараби кітапханасында жаңа Конституция жобасы және референдум институтының маңызы мен мәніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. 

ҚазҰУ қалашығында өткен жиын «Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум: Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдаудағы демократиялық нысаны» деп аталды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар референдум өткізудің конституциялық-құқықтық негіздерін, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызын жан-жақты талқылады. 

Жиын барысында мұндай стратегиялық шешімдерді қабылдауда азаматтық қоғамның рөлі де басты тақырыптың бірі болды. Заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Қуаналиева жаңа Конституция бойынша елімізде пайда болғалы отырған «Халық кеңесі» сынды жаңа институттың мән-маңызына тоқталды. Ол мұндай жаңа құрылым классикалық билік тармақтарына жатпағанымен, мемлекет басқарудың қазақстандық үлгісін айқындайтын, өзінше құқықтық табиғаты бар билік пен қоғам арасындағы сенім кепіліне айналуы мүмкін деген пікірін ортаға салды. 

Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Салтанат Атаханова жаңа Конституция жобасында адам құқықтарының басты орынға қойылғанын айрықша атады. Қоғам назарындағы жаңа Конституция нұсқасы адам құқықтарын ең басты негізге алғанын, бұл заң үстемдігі, адам құқығы үстемдік құратын Жаңа Қазақстанның негізі екенін баса айтты. Әрі «Жаңа Конституция өзегі – Адам» деген концептуалды көзқарасын ортаға салды.

Ғылыми талқыға қатысқан саясаттанушылар мен сарапшылар  Қазақстандағы конституциялық реформалардың тарихи тәжірибесі және конституциялық өзгерістерді қабылдаудың халықаралық практикасы жөнінде пікір алмасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.