ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ҚазҰУ-да Қытай университетінің филиалы ашылады

ҚазҰУ-да Қытай университетінің филиалы ашылады

Әлеумет 18.05.2023, 10:34 1,377
ҚазҰУ-да Қытай университетінің филиалы ашылады
almaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісімге қол қойылды,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен кездесуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ынтымақтастық орнату және филиал ашу туралы келісімге қол қойды.


Филиал ашудағы мақсат – ғылыми бағытта бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу, студент даярлау және оқытушылар алмасу.


Солтүстік-Батыс политехникалық университеті Сиань қаласында орналасқан. 36 мыңнан астам студент білім алатын жоғары оқу орнында аэронавтика, астронавтика және теңіз техникасы бойынша білім беру және зерттеу бағдарламалары бар.


ҚазҰУ-да ашылатын филиалда Қазақстан мен Орталық Азиядан келген студенттер білім алады. Филиалда инженерлік, электрондық ғылым мен технология, ІТ және т.б. салалар бойынша бакалавр мен магистратурада білім беру бағдарламалары жүзеге асады. Кейін оқуын аяқтағаннан соң түлектерге екі университеттің дипломы беріледі.


Сонымен қатар келісім аясында оқытушылар алмасу және ортақ зертханалар құрылатын болады.



Айта кетейік ҚазҰУ Қытайдың 50-ден астам жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан. Атап айтқанда: Шанхай шет тілдері университеті, Бейжің университеті, Ухань университеті, Сянган политехникалық университеті, Шыңжаң университеті, Бейжің шет тілдері университеті және т.б. 2019-2022 оқу жылдары ҚазҰУ-дың 79 білім алушысы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Қытай университеттерінде тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ білім ордасының 37 ОПҚ өкілі конференцияларға қатысу үшін Қытайға барып, біліктіліктерін арттырған болатын. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да 386 қытайлық студент оқып жатыр. Университетте Қытайтану кафедрасы мен Конфуция институты жұмыс істейді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,316 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.