ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ-да медианарық пен білім беру саласының диало...

ҚазҰУ-да медианарық пен білім беру саласының диалогы өтті

Білім және ғылым 27.11.2025, 10:33 302
ҚазҰУ-да медианарық пен білім беру саласының диалогы өтті
 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Медиаиндустрия және білім берудегі серіктестік: кадр даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық жұмыс берушілер форумы...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Медиаиндустрия және білім берудегі серіктестік: кадр даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық жұмыс берушілер форумы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шараға еліміздің жетекші медиа ұйымдарының, баспа үйлерінің және PR-компаниялардың басшылары мен сарапшылары қатысты.

Форумда қазіргі медианарықтағы өзгерістер, цифрлық трансформация, жас мамандарға қойылатын жаңа талаптар, сондай-ақ университет пен индустрия арасындағы серіктестікті нығайту жолдары талқыланды.

Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай форумды ашып, медиа саласының жылдам дамуы жағдайында білім беру бағдарламаларын жаңғырту және еңбек нарығының сұранысына бейімдеу қажеттігін атап өтті. Ол медиа нарығындағы қарқынды өзгерістер жағдайында кадр даярлаудың жаңа стандарттарын қалыптастыру мен енгізуде форумның маңызы зор екенін атап өтті. Декан сондай-ақ ҚазҰУ мен сала серіктестері арасындағы ынтымақтастық түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын айтты.

Бейнематериал көрсетілгеннен кейін спикерлер медиа және білім беру салалары арасындағы диалогқа көшті. Форум спикерлері цифрлық журналистика, медиа трансформациясы, жас мамандарға қойылатын талаптар, сондай-ақ университеттер мен индустрия арасындағы серіктестіктің бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудағы рөлі бойынша өзекті пікірлерін ортаға салды.

Форумға білікті медиаменеджер Нұржан Жалауқызы, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Төлек, «IRIS PR CONSULTING» PR бөлімінің жетекшісі Ырыс Амангелді, «NAR MEDIA GROUP» компаниясының директоры Нартай Өтеген, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Тұрғалиқызы, Abai TV бас продюсері Жаңылхан Асылбекова, «Абай.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Нұргелді Әбдіғани және басқа да журналистер қатысты.

Қатысушылар жұмыс берушілер мен университет арасындағы байланыстарды нығайту, студенттердің тәжірибеден өту, тағылымдама мен алғашқы жұмыс орнын табуын жеңілдету тетіктерін қарастырды. Жаңа медиа-құзыреттерге қойылатын талаптарды жаңарту да негізгі тақырыптардың бірі болды.

Форум аясында жұмыс берушілермен меморандумдарға қол қойылып, серіктестер марапатталды. Сонымен қатар студенттерге жұмыс берушілермен тікелей кездесуге мүмкіндік берген «Мамандықтар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.