AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚАЗҰУ-ДА ЕКПЕ АЛҒАНДАР ЫСТЫҚКӨЛГЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

ҚАЗҰУ-ДА ЕКПЕ АЛҒАНДАР ЫСТЫҚКӨЛГЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

Әлеумет 04.08.2021, 10:23 1,788
ҚАЗҰУ-ДА ЕКПЕ АЛҒАНДАР ЫСТЫҚКӨЛГЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ
almaty-akshamy.kz

Қазіргі сәтте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының 50 пайызы (1142), қызметкерлердің 44 пайызы (843), ал студенттердің 22 пайызы (4001) екпе алды. ЖОО-дағы студенттер арасында коронавирусқа қарсы вакцина алу акциясы аясында 100 студентке жатақханаға орналасу үшін 50 пайыз жеңілдік берілді.


Оқытушы-профессорлар құрамы мен қосалқы персоналдарға әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік көмек көрсетіліп, қызметкерлерге арналған жатақханадан орын берілді.



Екпе алушылардың барлығына, оның ішінде 4001 студентке имидждік өнімдер, спорттық костюмдер, кітаптар таратылды. 40-қа жуық оқытушы-қызметкерлер мен студенттерден құралған алғашқы топ тегін жолдама алып, Ыстықкөл жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагеріне барып қайтты.    


Екпе алушылар үш күн бойы суға шомылып, таза ауада серуендеді. Жастар түрлі ойындар ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Бірі әуелете ән шырқаса, енді бірі жыр шумақтарынан шашу шашты. Ал ұстаздар қауымы көшбасшылық қасиеттерді дамыту, уақытты тиімді пайдалану тақырыптарында семинар-тренингтер өткізіп, тұлғалық дамудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.


ҚазҰУ қызметкері Нұрбек Нұржанұлы: «Тұмса табиғат аясындағы демалыс баршамызды бір серпілтіп тастады. Қарбалас тіршіліктен бір сәт сергіп, тамаша көңіл-күйге бөлендік. Керемет демалыс үшін университетке мың алғыс!» – деген жүрекжарды пікірін білдірді.



 ҚазҰУ-да қыркүйек айында 1-15 шілде аралығында екпе алған оқытушылар мен білім алушыларға университет асханасына бір айға талон беріліп, қосымша қоғамдық көлікте жүру ақысы төленеді. Сондай-ақ тіл үйрену курстарына сертификат тарту етіледі. Жақын күндері екінші топ Ыстықкөлге демалысқа аттанады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЗҰУ #екпе #Ыстықкөл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);