ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ-да BASF компаниясының Mining Solutions зертх...

ҚазҰУ-да BASF компаниясының Mining Solutions зертханасы ашылды

Алматы 28.08.2025, 17:50 499
ҚазҰУ-да BASF компаниясының Mining Solutions зертханасы ашылды
Сурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында BASF Mining Solutions техникалық қызмет зертханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында...

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында BASF Mining Solutions техникалық қызмет зертханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды ғылыми жоба.

Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректоры Алина Галеева, «BASF Орталық Азия» ЖШС бас директоры және «Тау-кен өнеркәсібіне арналған шешімдер» бағытының жетекшісі Ростислав Камкин, BASF компаниясының EMEA және Орталық Азия аймағы бойынша аймақтық бизнес-директоры Мильяна Спасич, сондай-ақ BASF Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласындағы клиенттері мен серіктестері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. 

Жаңа зертхана минералды шикізатты өңдеу және гидрометаллургия салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тау-кен өндірісінің тиімділігін арттыратын инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналған.

Салтанатты шарада академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева жаңа зертхананың ашылуын ғылым мен өндіріс арасындағы стратегиялық серіктестіктің нақты көрінісі ретінде атап өтті.

«Біз BASF компаниясын университетіміздің кампусында қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл серіктестік ғылым мен бизнесті жақындастырып, студенттер мен зерттеушілерге практикалық және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігін береді. Біз химия және химиялық технология факультетінің студенттері осы зертханамен жұмыс істеу арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады және бағалы тәжірибе жинақтайды деп сенеміз», – деді проректор.

Өз сөзінде бас директор Ростислав Камкин зертхананың ашылуы компания миссиясының маңызды бөлігі екенін айтты.

 «BASF компаниясында біз тұрақты болашақ үшін химия жасаймыз. Тау-кен өнеркәсібіне арналған шешімдер бағыты клиенттермен де, академиялық қауымдастықпен де тығыз байланыста жұмыс істей отырып, инновациялық өнімдерді енгізуге және тау-кен саласына өзіміздің техникалық тәжірибемізбен бөлісуге бағытталған. Қазақстанда зертхана ашу – әріптестерімізбен ынтымақтастықты нығайту және оларға сапалы техникалық қолдау көрсету жолындағы маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл – болашақта саланың дамуына үлес қосатын жас мамандарды даярлауға қосқан ортақ үлесіміз. Бұл біздің тұрақты даму саласындағы миссиямызға толықтай сай келеді», – деді компания жетекшісі.

Мамандардың айтуынша, зертхана BASF-тың флотация мен гидрометаллургия бағыттарындағы жаһандық тәжірибесіне сүйене отырып, кен өндіру саласындағы компанияларға минералдарды бөліп алу, шығындарды азайту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Lupromin, Luproset, Luprofroth, LIX, Alamine, Aliquat, және LixTRA сияқты химиялық реагенттерді сынауға арналған бұл платформа заманауи құралдармен жабдықталған және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ BASF Central Asia мен ҚазҰУ арасындағы бұл серіктестік аясында студенттер үшін өндірістік тәжірибелер ұйымдастыру, бірлескен дәрістер курсын өткізу, сондай-ақ химия және химиялық технология факультеті ғалымдарының ғылыми жобаларға қатысуы жоспарланып отыр. Бұл бастама тек университетке емес, жалпы өңірлік тау-кен өндірісінің дамуына оң әсер етпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.