AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚазҰУ археологтары ерекше құнды бұйымдар тапты

ҚазҰУ археологтары ерекше құнды бұйымдар тапты

Әлеумет 23.10.2023, 13:12 1,023
ҚазҰУ археологтары ерекше құнды бұйымдар тапты
Сурет: Gov.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологиялық экспедициясы Талдықорған қаласы әуежайы маңындағы Дауылбай қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп, ерте темір дәуіріне жататын қорғаннан ерекше құнды бұйымдар тапты.


Далалық зерттеулер барысында қорғанның бірнеше рет тоналғаны, соңғы рет өткен жылы ғана тоналып кеткені анықталды. Осыған байланысты Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы археологтардың күшімен аталған тарихи ескерткішті зерттеуді жөн деп тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Мамандардың пікірінше, қорған элиталық болып саналады. Оның биіктігі – 3,4 м, диаметрі – 40 м. Айналасы ормен қоршалған. Тонаушылар батыс жағынан қазып, біртіндеп орталық бөлігіне қарай өткен. Далалық зерттеулер тонаушылар ашып кеткен ұңғыма-шұңқыр орнындағы қорғанның орталық бөлігінде жүргізілді. Бастапқыда қазба 5х5 м көлемде болды және ескерткіш конструкциясына орай кеңейтілді. Қазба барысында тас сауыт және өзге де конструкциялар, сондай-ақ тонаушылардан қалған шашылып жатқан ірі тастар, тастақтайшалар анықталды.




«Қорғанның төбесінен есептегенде шамамен 5 м тереңдіктен екі мола шұңқыры анықталды. Бірінші қабір шұңқыры толықтай тоналған. Бұл жерден қойдың жауырын сүйегін ғана табу мүмкін болды. Бұл сүйек ғұрыптық ас қалдығы болуы мүмкін. Екінші қабір шұңқырынан ер адамның сүйек қалдықтары, екі керамикалық ыдыс, мал сүйектері, қызғылт түсті ағаш қынабы бар ақинақ-семсер табылды. Ақинақ тұсында металл және сүйек қапсырмалар жатты. Сонымен қатар қоладан жасалған қорамсақ ілгегі, қола оқшантай мен ине, алтыннан дайындалған ілмекшелер табылды. Табылған алтын бұйымдар: белдік ілмешегі, түтікше, сондай-ақ мысық тұқымдасына жататын аң бейнелі айылбастар. Табылған бұйымдардың ішіндегі ең ерекшесі – шебердің қолынан шыққан, әдемі безендірілген жылан-айдаһар бейнелі сүйек қапсырма. Мұндай олжа отандық археологияда сирек кездеседі. Ол өңірдегі ежелгі тұрғындар арасында жылан, айдаһар немесе жылан-айдаһар культы таралғанын көрсетеді», - дейді археологиялық экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байқонақов.




Мамандардың сөзінше, қазылған қорғанды бұдан екі мың жылдай бұрын Жетісуды мекендеген юечжи немесе үйсін мәдениеттерімен байланыстыруға болады. Бұдан ары қарай археологтар зертханалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық бұйымдарға арнайы зерттеу жүргізіліп, ғылыми талдаулар жасалады. Кейбір олжалар «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық лабораториясында қалпына келтірілетін болады.



Айта кетейік, бұл жұмыстар «Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» мен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тапсырысы аясында іске асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#археология #құнды бұйымдар #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);