AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ҚазТранс Ойл» АҚ-на әкімшілік іс қозғалып, тарифі...

«ҚазТранс Ойл» АҚ-на әкімшілік іс қозғалып, тарифі төмендетілді

Әлеумет 08.11.2021, 06:26 1,033
«ҚазТранс Ойл» АҚ-на әкімшілік іс қозғалып, тарифі төмендетілді
Inform.kz

«ҚазТранс Ойл» АҚ әкімшілік іс қозғалған соң тарифін төмендетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Энергетика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ-ы табиғи монополия субъектісі ретінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп беруге міндетті.


Осылайша, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2020 жылдың Қазақстан Республикасының ішкі нарығына магистралдық құбыр арқылы мұнай айдау қызметіне тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша, шығындары уәкілетті орган бекіткен мөлшерлерден бес пайыздан астам орындалмауы анықталды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін (9,75%) ескере отырып, негізсіз кірістің жалпы сомасы 370 млн. теңгеден астам соманы құрады.


Нәтижесінде, Тңби,и монополияларды реттеу комитеті қосымша құн салығын есепке алмағанда 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 355,57-ден 4328,04 теңгеге дейін төмендете отырып, ҚР ішкі нарығына магистралдық құбыр арқылы мұнай айдау қызметтеріне өтемдік тариф енгізді, онда төмендеу 0,63% - ды құрады.


Сондай-ақ, өз кезегінде, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті. Осыған байланысты, тарифтік сметаның талаптарын орындамағаны үшін, «ҚазТрансОйл» АҚ-на қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.


Бұл ретте, аталған құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасы 4,6 млн. теңгені құрайды. Алайда, «ҚазТрансОйл» АҚ-ы тарифтік ведомствоның шешімімен келіспей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау туралы өтінішті Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#«ҚазТранс Ойл» #тариф #Монополия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);