конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазқұтқару-2021»: Қазақстан ТЖМ жасағы халықаралы...

«Қазқұтқару-2021»: Қазақстан ТЖМ жасағы халықаралық көпсайыс жарысында бірінші орын алды

Әлеумет 27.09.2021, 06:18 1,241
«Қазқұтқару-2021»: Қазақстан ТЖМ жасағы халықаралық көпсайыс жарысында бірінші орын алды
www.inform.kz

2021 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жарыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Батыс Қазақстан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Қазақстан Республикасы ТЖМ 28237, 52859, 68303 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері және Өзбекстан, Қырғызстан ТЖМ құтқарушылары қатысты.


Құтқарушылар «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы аясында «Техногендік апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары», «Акваториялардағы іздеу-құтқару жұмыстары» және «Табиғи ортадағы іздеу-құтқару жұмыстары» қашықтықтардан өтті.


Жарыстардың қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді: Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар командасы үшінші орынды иеленді. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы екінші орынға ие болды.



Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы бірінші орынды жеңіп алды. Әскери-құтқару үшсайыс жарыстарының нәтижесі бойынша 52859 әскери бөлімінің командасы үшінші орынды, 28237 әскери бөлімінің офицерлер командасы екінші орынды, 28237 әскери бөлімінің контракт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер командасы бірінші орынды иеленді.



Барлық командалар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстарда құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұйымшылдықты, жоғары кәсібилікті, сондай-ақ жеңіске деген ерік-жігерді көрсетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазқұтқару-2021 #жеңімпаз #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);