Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары «KORF» зауытында оқытудан...

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары «KORF» зауытында оқытудан өтті

Әлеумет 15.10.2024, 17:24 790
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары «KORF» зауытында оқытудан өтті
Сурет: Gov.kz

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ үлгілік және индивидуалды жобалау орталығының мамандары шақыру бойынша Мәскеу облысының Дзержинский қаласында орналасқан «KORF» зауытына барды.

Онда оқудан өтіп, өндірістік процестермен танысты.деп хабарлайды aqshamnews.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

«KORF»  зауыты ауа алмасу, жылыту мен салқындату жүйелеріне арналған жабдықтардың жетекші өндірушісі болып табылады және өзінің инновациялық шешімдерімен және автоматтандырудың жоғары деңгейімен танымал.

Сапар барысында қатысушылар штамптау, жабдықтарды құрастыру және корпустарды бояу желілерімен танысты, сондай-ақ блоктық жылу пунктін құрастыру барысына қатысты.

Экскурсия мамандарға жабдықтарды құрау процесі мен өнімнің сапасын бақылауды толық зерттеуге мүмкіндік берді.

Оқу орталығында семинар өтті, онда ғимараттардың климаттық жүйелерін жобалау мәселелері, «KORF» өнімдерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, сондай-ақ саладағы өзекті трендтер мен жаңалықтар талқыланды.

Келесі кезеңде мамандар арнайы мақсаттағы жабдықтарды құрастыру желілерімен танысты. Оның ішінде жарылысқа төзімді қондырғылар, каналсыз шатыр жүйелері және кіріктірілген жылу насосты қондырғылар, бассейндер мен аквапарк жабдықтары бар. Оқыту климаттық жабдықтарды бағдарламалық іріктеу бойынша семинармен жалғасты, онда жалпы алмасу мен өртке қарсы желдету шешімдері, тоңазытқыш жабдықтары және дәлдікті қамтамасыз ететін кондиционерлер қарастырылды.

Сапар соңында қатысушылар автоматтандыру және диспетчерлеу блоктарын құрастыру және жөндеу бөлімінің жұмысымен, сондай-ақ өнімнің сапасын тексеру кезеңдерімен танысты. Оқу орталығындағы семинардың екінші бөлімі климаттық жабдықтарды автоматты түрде таңдауға және ауа алмасу, суыту мен өрт сөндіру жүйелерін жобалау технологияларына арналды, мамандар программалық жасақтаманың функционалдығы туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Зауытпен танысып, семинарларға қатысу арқылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары климаттық жүйелерді жобалау және пайдалану саласындағы білімдерін арттырды, бұл орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#KORF #зауыт #мамандар #оқыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.