ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / "Қазпошта" бөлімшелерінде цифрлық жеке куәлікті па...

"Қазпошта" бөлімшелерінде цифрлық жеке куәлікті пайдалану функциясы енгізілді

Әлеумет 23.02.2022, 08:00 1,244
"Қазпошта" бөлімшелерінде цифрлық жеке куәлікті пайдалану функциясы енгізілді
Сурет: Plusworld.ru
«Цифрлы құжаттар» қызметінде 18 құжат бар.

«Цифрлы құжаттар» қызметінде 18 құжат бар.


eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы «Қазпошта» АҚ-да енді жеке куәліктің цифрлық баламасымен ғана сәлемдемені қабылдап алуға және жолдауға болады, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.


«Қазпошта» АҚ тұтынушылары еліміздің барлық өңіріндегі бөлімшелерде сәлемдемені қабылдағанда және жолдағанда цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады. Бұл жоба "Қазпоштаның" пошта қызметтері үшін пилоттық режимде шығарылды. Жаңа қызметтерді пайдалану үшін: 



  • eGov mobile мобилдік қосымшасына тіркеліңіз;

  • «Қызметтер» бөлімінен «Цифрлы құжаттарды» таңдаңыз;

  • Қажетті құжатты таңдаңыз;

  • Құжатқа «Қолжетімділікті ашу» батырмасын басыңыз;

  • «Қазпошта» операторына смартфон экранында пайда болған алты орынды қысқа кодты айтыңыз. Код автоматты түрде жасалады және ешқашан қайталанбайды.


Оператор өзінің деректер базасына бірегей қысқа кодты енгізеді, осыдан кейін жүйе автоматты түрде тұтынушының төлқұжатын жүктейді.


Бұл сәйкестендіру механизмі тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үшінші тұлға тарапынан болуы мүмкін алдаудың алдын алады.


Қазіргі таңда eGov mobile қосымшасының «Цифрлы құжаттар» қызметінде 18 құжат бар. Олардың ішінде ең көп пайдаланылатыны: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцина паспорты, ПЦР тест және туу туралы куәлік.


Бұдан бөлек, цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ-ның теміржол вокзалдарында вагонға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ бөлімшелерінде, Beeline және екінші деңгейлі банктер мен нотариус қызметтерінде пайдалануға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.