ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазіргідей күрделі жағдайда ДДҰ-ны басқару өте қиы...

Қазіргідей күрделі жағдайда ДДҰ-ны басқару өте қиын – Мемлекет басшысы

Саясат 23.10.2023, 08:33 1,274
Қазіргідей күрделі жағдайда ДДҰ-ны басқару өте қиын – Мемлекет басшысы
akorda.kz
Мемлекет басшысы ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады

Мемлекет басшысы ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады 




Астанада өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция аясындағы кездесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, еліміз ең маңызды ұйымның бірі саналатын ДДҰ-мен халықаралық деңгейде нәтижелі қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті.



– Еліміз әрқашан Сіздің қызметіңіздің табысты болуына септігін тигізеді. Қазіргідей күрделі жағдайда ДДҰ-ны басқару өте қиын екенін білемін. Бұл – нағыз сынақ. Сізге әлемдегі көптеген  ел мен делегаттардың түрлі пікірлеріне құлақ асып, тиімді шешім табуға және мәміле жасауға тура келеді. Сізге табыс тілеймін. Біз өз тарапымыздан Сізге әрдайым көмектесеміз және қолдау көрсетеміз, – деді Мемлекет басшысы.




Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейін аталған саланы қалыпқа келтіру, халық денсаулығын сақтау ісіндегі негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға Қазақстанның белсенді түрде кіріскеніне назар аударды.


Бұл ретте Президент ДДҰ жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан тиісті бастамаларға толық қолдау көрсетуге еліміздің дайын екенін нақтылады.


Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде халықты денсаулық сақтау қызметімен толық қамтуға, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуге, сондай-ақ туберкулез эпидемиясын толықтай жоюға ниетті.   


Өз кезегінде ДДҰ Бас директоры Алматы және Астана декларацияларының қабылдануы ұйым мен жеке өзі үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. Өйткені ол Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған кезінде, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту мәселесімен мақсатты түрде айналысқан.


Бұдан бөлек, кездесуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық, Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.                              


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық конференцияны ұйымдастыруға атсалысқаны және осы маңызды шараға қатысқаны үшін Тедрос Адханом Гебрейесус пен Ханс Клюгеге алғыс айтты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.