AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Қазіргі нәтижелері қарын аштырады". Нартай Аралба...

"Қазіргі нәтижелері қарын аштырады". Нартай Аралбайұлы елдегі футбол клубтарын сынады

Әлеумет 17.09.2025, 17:45 808
"Қазіргі нәтижелері қарын аштырады". Нартай Аралбайұлы елдегі футбол клубтарын сынады
depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстандағы футболдың дамуы емес, бюджетке салмақ түсіруі басты мәселе болып отырғанын айтты. Ол премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет қаржысын жеп отырған футбол клубтарын жекешелендіруді талап етті.

"Гол салудан бұрын қазынаға қол салады"

Мемлекет басшысы Жолдауында футбол клубтарын жекешелендірудің қажетін атап өткен болатын.

"Қазақстандық футбол клубтары қақпаға гол салудан гөрі, қазынаға қол салуды жақсы меңгерген. Біз олардың бюджетке емес, жасыл алаңға таласқанын қалаймыз. Өйткені қазіргі нәтижелері қарын аштырады", – деді.

Миллиардтар қайда кетіп жатыр?

Ресми дерек бойынша, 2025 жылы футбол клубтарына бюджеттен 31,7 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде:

  • "Ордабасы" – 3,2 млрд теңге,

  • "Ақтөбе" – 2,1 млрд теңге,

  • "Қызыл-Жар" – 2 млрд теңге,

  • "Астана" – "Самұрық-Қазынадан" 5,3 млрд теңге алған.

Бірінші лигадағы клубтар да қалыспай, жылына 1,2 млрд теңгеге дейін қаржы алған.

Жаттықтырушылар жалақыға зар

Осы миллиардтардың көлеңкесінде қарапайым спорт жаттықтырушылары мардымсыз айлыққа күн көріп жүр.

  • 2025 жылы еңбек жолын енді бастаған жаттықтырушының жалақысы – 117 мың теңге,

  • Жоғары санатты жаттықтырушы – небәрі 145 мың теңге алады.

Салдарынан көптеген маман білім саласына кетіп жатыр, себебі мектеп мұғалімдерінің жалақысы әлдеқайда жоғары.

Депутаттың ұсыныстары

Нартай Сәрсенғали Үкіметке мынадай нақты ұсыныс жасады:

  1. Барлық футбол клубын жекешелендіруді жеделдету;

  2. Клубтардың бүгінге дейін алған қаржысын толық тексеру;

  3. Үкіметтің №1193 бұйрығына өзгеріс енгізіп, жаттықтырушылардың жалақысын көтеру.

Депутаттың айтуынша, футболға бөлінген миллиардтар нәтижесіз кетіп жатыр. Ал сол қаржыны бұқаралық спортты дамытуға бағыттасақ, елге әлдеқайда пайдалы болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #нартай аралбайұлы #футбол #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);