ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазір мұғалімдер жалақыға қатысты мәселе көтермейд...

Қазір мұғалімдер жалақыға қатысты мәселе көтермейді – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым 17.11.2022, 12:06 1,428
Қазір мұғалімдер жалақыға қатысты мәселе көтермейді – Асхат Аймағамбетов
Сурет: Inform.kz
Соңғы 3 жылда мұғалімнің жалақысы 2 еседен аса өскен

Соңғы 3 жылда мұғалімнің жалақысы 2 еседен аса өскен


Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездескен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қазір мұғалімдердің жалақыға қатысты мәселе көтермейтіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ сапар барысында ол Өскемен қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептер құрылысына дайындық жұмыстарымен танысып, «Рахат» балабақшасында болды.



«2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң көп нәрсені өзгертті. Мектеп, колледж мұғалімдерінің, балабақша тәрбиешілерінің және қосымша білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру сияқты бірнеше бағытта жұмыс жүргізілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша соңғы 3 жылда мұғалімнің жалақысы 2 еседен аса өскен. Келесі жылы қаңтарда білім беру қызметкерлері мен педагогтардың еңбекақысы қосымша тағы 25 пайызға артады», - деді Асхат Аймағамбетов облыс халқымен кездесуінде.



Министр қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, көпті толғандырған сауалдарға да жауап берді.



«Бүгінде мұғалімдер жалақыға қатысты мәселені еш көтермейді деуге болады. Олар тарапынан негізінен нормативтік құқықтық актілер, бағалау жүйесі және сапаны қамтамасыз ету туралы айтылып жатады. Әріптестерім мен ата-аналардың қойған сұрақтарының қатты өзгергендігі мені қуантады», - деді Оқу-ағарту министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.