AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Қазгидромет» танымал туристік бағыттарды метеорол...

«Қазгидромет» танымал туристік бағыттарды метеорологиялық бақылаумен қамтиды

Өмір-өзен 27.10.2021, 05:03 1,359
«Қазгидромет» танымал туристік бағыттарды метеорологиялық бақылаумен қамтиды
Сурет: Spmeteo.ru

"Қазгидромет" Қазақстанның туристік аймақтарына үш автоматты метеорологиялық станса орнатты


Елімізде туризмнің белсенді  дамуынан гидрометеорологиялық қамтамасыз етуге деген сұраныс артуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сол себепті де «Қазгидромет» танымал туристік бағыттарды метеорологиялық мониторингімен қамтуды қолға алды.


«Пандемия кезінде қазақстандықтарды еліміздің әсем табиғатымен таныстыратын туристік фирмалар мен жекелеген белсенділердің саны күрт өсті. Елімізде белсенді туризмнің дамуы гидрометеорологиялық қамтамасыз етуге деген сұранысты арттыруда. Болжамдардың дәлдігі, жауын-шашын мен дауылды уақтылы хабарлау ішкі туризмнің бірқатар саласының кірістерін қалыптастырады», - делінген хабарламада.


Қазақстанның туристік аймақтарына үш автоматты метеорологиялық станса орнатты. Олар - Шарын шатқалы (Шарын АМС), Көлсай көлі (Көлсай АМС) және Түрген шатқалы (Түрген АМС).


«Бұрын бұл аймақтар "Қазгидромет" мониторингісінің жерүсті желісімен қамтылмаған болатын, дегенмен АМС елді мекендердің жанында да, шөлді, таулы және орманды аудандардағы үлкен қалалардан қашық жерлерде де орналасқан. Қорықтар ішінде орналасқан осы үш аймақты таңдауға өз бетімен саяхаттаушылар мен туристік фирмалар үшін нақты ауа-райы болжамының қажеттілігі себеп болды», - делінген хабарламада.


«Қазгидромет» РМК-нің бір-үш тәулікке беретін жауын-шашын, жел, ауа температурасы бойынша болжамдарының дұрыстығы 92%-ға дейін жетеді. Адамдар көп жиналатын танымал туристік маршруттар аймағына AМС-ты орналастыру келушілерге қолайсыз метеорологиялық жағдай, ауа райының күрт өзгеруі және дауыл туралы ескерту қажеттілігінен туындап отыр. "Қазгидромет" алдағы уақытта басқа да танымал туристік бағыттарды мониторингімен қамту көздеп отыр.


Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 турист қаза тапты. Тағы 6 адам зардап шеккен еді.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазгидромет #автоматты станса #Метеорология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);