ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды

«ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды

Заң мен тəртіп 02.04.2024, 15:13 1,053
«ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
2024 жылғы 2 сәуірде Павлодар қаласының No2 сотында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры мен бас маманға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды...

2024 жылғы 2 сәуірде Павлодар қаласының No2 сотында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры мен бас маманға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Оларға (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) бопсалау арқылы ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.


«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ директоры А.М. 2023 жылдың 29 маусымында көмектесушiсі «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бас маманы Ө.З.-мен, яғни орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймаймын және Павлодар-Астана автожолын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзамын деп қорқытып, мердігерден жалпы сомасы 4 000 000 теңге пара ретінде ақша алған.


Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.


Сондай-ақ А.М. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша айыпталды (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.).



«Прокурор А.М.-ға түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал Ө.З.-ға – 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын толығымен мойындамады, ақтауды сұрады», - деп хабарлады Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.



Сот жеңілдететін мән-жайларды, асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, А.М.-ға 8 жыл бас бостандығынан айыру, ал Ө.З.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


А.М. - қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.) - қылмысқа қатысуы туралы дәлелдемелердің болмауына байланысты ақталды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.