AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазавиақұтқару» пилоттарының жұмыстан кетіп жатқа...

«Қазавиақұтқару» пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын министрлік растады

Әлеумет 13.04.2023, 12:56 1,081
«Қазавиақұтқару» пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын министрлік растады
Сурет: Azh.kz

Ұшқыштардың қауіпсіздік пен еңбек жағдайына шағымданғанын бұдан бұрын жазғанбыз.


Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Жұмысшылардың біреуі сынақ мерзімінен өтіп жүрген. Қалғандары берген өтініштеріне қарай шешіледі. Ешкімді мәжбүрлі түрде жұмыстан шығармайды. Бірақ өздері жұмыстан шығуға ниет білдіріп тұрса, оларды ұстауға да ешкімнің құқығы жоқ", - деді Иманқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.



Оның айтуынша, ұйым қызметкелерінің жалақысын көтермейді. Себебі қазіргі мөлшері орташа көрсеткіштен жоғары.



"Жалақыны көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Оның мөлшері орташа деңгейден жоғары, 640 мың теңге мен 2,5 миллион теңгенің маңайында болып тұр", - деп атап көрсетті министрліктің ресми өкілі.



Айта кетері, сәуірдің басында "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттары осы саладағы қауіпсіздік пен еңбек жағдайына шағымданды. Сол кезде 23 пилот жұмыстан кетуге арыз жазды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин барлық арыздар бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты.


Сондай-ақ жұмыстан кететін әрбір пилоттың оқуына жұмсалған бюджет қаржысын қайтару міндеті бар екенін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшқыш #жалақы #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);