Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтап, молайтуға жа...

Қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтап, молайтуға жауапты уәкілетті орган құрылмақшы

Әлеумет 30.11.2022, 04:50 1,557
Қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтап, молайтуға жауапты уәкілетті орган құрылмақшы
Сурет: Tengrinews.kz

Мәжілісте қаралған заң жобасында осындай мәселе көтерілді.


Құжаттың толық атауы - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.


Заң жобасы бойынша жасалған қорытындыны депутаттарға Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рахымжанов таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айтуынша, заң жобасы мақұлданса, қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтау және өсімін молайтуға жауапты уәкілетті орган құрылады.


Ол ұйымның қазіргі шартты атауы - Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы.



«Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды қазақы тазы мен төбеттің кітабын жүргізу, аталған тұқымдардың стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді. Сонымен қатар, заң жобасы кинологиялық қызмет ұғымдарын, қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлікті, бірыңғай асыл тұқымды кітапты, қазақ ит тұқымдары мен ұлттық аңшылық стандартын айқындайды», - деді депутат.



Мемлекет бұл орталықты осы салада жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландырып, қолдау көрсетпек.



«Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асыратын қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі норма көзделген. Ғылыми ұйымдар уәкілетті органмен, ұлттық орталықпен, сондай-ақ кинологиялық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді. Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет болады. Бұл сома 18 қазанда республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты», - деді Әмірхан Рахымжанов.



Еске салсақ, тамыз айында қазақы тазы мен төбетті сақтау мәселесін Президенттің Іс Басқармасы қолға алғаны хабарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тазы #төбет #Заң жобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.