ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Қазақы пайым. Алматылықтарға биыл бақша жемісі бұй...

Қазақы пайым. Алматылықтарға биыл бақша жемісі бұйырар ма екен?!

Керек кеңес 14.04.2022, 04:28 2,272
Қазақы пайым. Алматылықтарға биыл бақша жемісі бұйырар ма екен?!
vsegda-pomnim.com
«Қызырдың қамшысы» амалы әдеттегіден ерте көрініс берді

«Қызырдың қамшысы» амалы әдеттегіден ерте көрініс берді


Өткен жылы «көктем ерте келеді» деп, Батыстың бүкіл ақпарат құралдары жамыраса жазған еді. Десе дегендей, сәуір айы шуақты болып, тіпті ыстық болып басталды. Әйтсе де, басында екі-үш күн шуақты болғанымен, соңы жауын-шашынға ұласты.


Алматы қаласында да, маңындағы елді мекендерде де еріген қар суының салдарынан су тасқыны орын алды.



Бүгін сәуір айының 14-жұлдызы. Ай есебінше, айдың 11-і. Ал қазақы жүйе бойынша, сәуірдің 1-жаңасы. Апта айдың басын да, ортасын да, соңын да қамтып тұр. Демек, апта құбылмалы болуы мүмкін. Пайымда айтылғандай, аптаның әр күнінде нөсер, жаңбыр орын алуы ғажап емес...



Ертең «Қызыр қамшысы» амалы басталады. Амал кезінде алғашқы найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жер бусанады. Халық осы найзағайдың жарқылын «Қызырдың қамшысы» ойнады деп атаған. Кей жылдары бір күндік суық орын алатын болған. Көк жүзін жаздың бұлты қаптайды. «Қызырдың қамшысы» ойнағаннан кейін қыс біржолата кетеді деп санаған. Қазақы пайым осылай болжам жасаған.



Қазір «Отамалы» жүріп жатыр. Бұл амалды Асан қайғы бабамыз «ойылған қыс» деп те атаған. Бәлкім, осы амалдың әсері ме, Алматыда биыл күн ерте күркіреді. Найзағай мен жаңбыр ерте көрініс берді. Өрік гүлін ашып болды. Шие, қара өрік гүлдей бастады, аржағында алма кезегін күтіп тұр. Әсем де ару Алматының алуан түрлі гүлге бөленіп, нұрға кенеліп тұрған шағы бұл. Өрік адам ағзасына аса пайдалы дәруменді бойына жинаған, халқымыздың сүйікті жеміс ағаштарының бірі. Асығыс, алып ұшпа мінезімен қазаққа ұқсас. Қазақтың мінезі қызық қой. Алда не тұрғанын байыптай, бағдарлай бермейді. Тәуекелшіл халық. Өрік те сондай, көктем келіп, күн сәл жылт етсе болды, жапырағын жайып, гүлін шашып, шырайланып шыға келеді. Суыққа тез әрі көп ұрындыратын да осы мінезі.



Тәңірден тілеріміз – оңтүстік астананың шуақты шағын «Отамалының» қуатты жел-ызғары алай-дүлей күйге түсіріп, гүл-түйнегін үсіріп отап, ойрандап кетпесе болғаны...


Алдағы аптада қазақы пайым бойынша, жауын-шашынның жиі орын алуы, салқындық сезілуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.