Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақтың қонақжайлығына тәнті болған шетелдік студ...

Қазақтың қонақжайлығына тәнті болған шетелдік студент өз бетінше қазақ тілін үйреніп жүр

Әлеумет 17.10.2022, 06:34 1,381
Қазақтың қонақжайлығына тәнті болған шетелдік студент өз бетінше қазақ тілін үйреніп жүр
Сурет: Gov.kz

Бельгиядағы жоғару оқы орындарының бірінің студенті осымен төрт жыл ешқандай курсқа бармай-ақ, өз бетінше қазақ тілін оқып үйреніп жүр.


Жас жігіт бұл істе айтарлықтай жетістікке жеткен. Бүгінде ол қазақтармен емін-еркін сөйлесе алады.


Стейн Ромбоут Бельгиядағы KU Leuven университетінің үшінші курсында оқиды. Ол 2018 жылы анасымен бірге Қазақстанның оңтүстігіне турист ретінде барып қайтқан. Жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына тәнті болған бельгиялық қазақ тілін өз бетімен оқып үйренемін деген мақсат қояды. Қазақшасының деңгейі әзірге ойдағыдай емес. Дегенмен жас жігіт оны жетік меңгере алатынына сенімді. «Болашақта Қазақстанға тағы да сапар шексем», – дейді.  



«Мен басында YouTube  желісі арқылы қазақша үйрендім, бірақ тек қарапайым сөздерді үйрендім. Бірақ содан кейін мен қазақша жақсырақ білгім келді. Сондықтан мен қазақ тілінің оқулығын қолдандым. Кітаптың аты – «Colloquial Kazakh», ағылшын тілде жазылған, бірақ қазақ грамматикасын өте жақсы түсіндіреді. Бірақ бір кітап жеткіліксіз, тек грамматиканы ғана меңгеріп қоймай, жаттығулар орындау да өте маңызды. Сондықтан мен онлайн қазақтармен сөйлестім. Осылайша, мен қазақ тілімді жақсарта алдым», - дейді «KU Leuven» университетінің студенті Стейн Ромбоут. 



Стейн жаңа сөздерді тез жаттау үшін ұялы телефонында арнайы сөздік құрған. Бүгінде онда қазақша 2,5 мыңға жуық сөз бар.  Стейн: «Қазақстанда кемі бір жыл тұрсам», – дейді. Өйткені жылдың төрт мезгілін де тамашалағысы келетін көрінеді. 



«Қазақстанға бару – бұл менің тандауым. Өйткені мына жерде көп адам Испанияға, Италияға барғысы келеді, бірақ мен көбісі біле бермейтін елге барғым келеді», -  дейді «KU Leuven» университетінің студенті Стейн Ромбоут.



Стейн уақытты босқа өткізбей, аудармашы не ағылшын тілінің мұғалімі секілді пайдалы іспен де айналысуды армандайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетелдік студент #қазақ тілі #өз бетінше үйрену
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.