ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақтың қара баласы

Қазақтың қара баласы

Өмір-өзен 01.10.2021, 04:58 1,812
Қазақтың қара баласы
Сурет: Almaty.tv
22 жастағы қазақ баласы АҚШ-та ең алып әуе компаниялардың бірін бағындырып жүр

22 жастағы қазақ баласы АҚШ-та ең алып әуе компаниялардың бірін бағындырып жүр


Алматы облысынан шыққан Дәурен Сәбитов небәрі 22 жасында Американың ең алып әуе компанияларының бірінде ұшқыш-инструктор болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty-tv сайтына сілтеме жасап. 


Дәурен 1999 жылы қазақтың қарапайым отбасында туған. Бала кезінен ұшқыш болуды армандаған ол Алматыдағы ҚТЛ-ды бітіріп, бірден Америкаға жол тартады.



«2017 жылы мектепте бірге оқыған сыныптастарыммен бір уақытта АҚШ-тағы Калифорния штатының Сан-Матео қаласына келдік. Достарымның арасында мен ғана авиацияны таңдадым. Оның өз тарихы бар», – деп ол әңгімесін алыстан бастады.



Дәурен Сәбитовтің әкесі де ұшқыш екен. Оның осы мамандықты таңдауына әкесі зор ықпал еткен.  



«Әкем көп жыл бойы авиация саласында жұмыс істеп жүр. 5 жасымда алғаш рет өзінің жұмыс орнына апарғаны есімнен кетпейді. Өз көзіммен алып ұшақтарды, олардың арнайы дайындықтан өту процесін сол кезде бірінші рет көрсем керек. Тіпті, әкеммен бірнеше рет ұшқан кездерім де болды. Ұшқыштардың кабинасынан ғана байқауға болатын әуедегі көрініс, күннің шығуы мен батуы мені бірден баурап алды. Қысқа қайырғанда, болашақта кім болатынымды 5 жасымда-ақ білдім ғой», – дейді ол.  



Қазір ол Standord Flying арнайы оқу орнында білімін жетілдіріп, жоғары санатты сертификат алуға дайындалып жүр.


Оның айтуынша, Америкадағы ұшқыштарды даярлайтын оқу орындарының бағасы Қазақстанмен бірдей.



«Біреу сенер, біреу сенбес, бірақ АҚШ-та ұшқыштарды дайындайтын орындар Қазақстандағы академиялардан арзанырақ. Авиациясы ең мықты дамыған ел болса да, ұшқыштар үшін бар жағдайды жасаған», – дейді ол.



2021 жылы Дәурен бала кездегі арманын орындап, Американың ең атақты әуе компанияларының біріне жұмысқа тұрады. Қазір ол California Airways корпорациясында ұшқыш-инструктор болып жұмыс істеп жүр.


Сонымен қатар Дәурен жеке тапсырыс қабылдап, чартерлік рейстердің де тізгінін ұстайды.


АҚШ-та ұшқыштың дәрежесін миль не шақырым емес, сағат анықтайды екен. Пилот есебінде Дәурен 900 сағат ұшқан.  Бұл жұмысқа шыққан уақыт емес, әуедегі есеп. Басқа елдерде 900 сағат ұшу үшін 10-15 жылыңды сарп етуің мүмкін, бірақ тек Америкада емес. 


Кейіпкеріміз Қазақстандағы авиация және әуе компаниялары турасында да ой бөлісті. Оның айтуынша, елде әуе билетінің бағасы тым қымбат.   


Жас ұшқыш Қазақстанға қашан оралатынын да айтып берді. Ол елге келіп, жас студенттермен жұмыс істегісі келетінін алға тартты.



«5-6 жылдан кейін елге қайтып, Америкада жинаған тәжірибемді Қазақстан авиациясының дамуына арнасам деймін. Оқуды енді бітіріп, ұшақ экипажына аяқ баса алмай жүрген жастарға бағыт көрсетуді армандап жүрмін», – дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.