ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақтың "ақ олимпиадасы" - мәртебелі дәстүр

Қазақтың "ақ олимпиадасы" - мәртебелі дәстүр

Мәдениет 12.12.2025, 11:05 421
Қазақтың "ақ олимпиадасы" - мәртебелі дәстүр
aikyn.kz
Сан ғасыр бойы үзілмеген, түбі терең ұлттық ғұрып – соғым сою басталатын кез дәл осы. Бұл  – тек мал соятын сәт қана емес, ол – туысты табыстыратын, көрші-қолаңды біріктіретін, дастарқанға жылу...
Сан ғасыр бойы үзілмеген, түбі терең ұлттық ғұрып – соғым сою басталатын кез дәл осы. Бұл  – тек мал соятын сәт қана емес, ол – туысты табыстыратын, көрші-қолаңды біріктіретін, дастарқанға жылу мен үйге береке әкелетін халықтық мереке. Қазақтың «ақ олимпиадасы» атанған бұл дәстүр – халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің, көңіл-сезімінің, кең пейілінің көрінісі.
 
Қазақтың қоңыр күздегі қамы: соғымға дайындық
 
Қазақ ежелден қысқа ерте қамданған. Соғымға арналған малды жаз бойы жайып қана қоймай, қараша жақындағанда арнайы таңдап, 2–3 ай баптап, жемдеп, қоңдандырады. Бұл – тек азық жинау емес, отбасыға берекенің келуіне арналған маңызды әрекет. Малдың сойылатын күні әулеттің үлкендерімен ақылдаса отырып белгіленеді. Белгіленген уақытта үй иесі туыстарын, көршілерін, дос-жарандарын, соғым шығаратын қасапшы жігіттерді шақырады. Осы шақырудың өзі – қазақы сыйластықтың белгісі.
 
Батамен басталған берекелі іс
 
Соғымға пышақ тиместен бұрын ауыл ақсақалы малдың жанына келіп, Құран оқып, бата жасайды. Бұл – қазақтың малға ғана емес, әулетімен жейтін азығына деген құрметінің,  Алладан береке тілеп істейтін әдетінің айқын көрінісі, «батамен ел көгерер» деген сөздің мәні осында жатыр.
 
Бата берілген соң қасапшы жігіттер мал союға кірісіп, әр мүшесін өз ретінше бөліп жіліктейді. Бұл кезде үй ішіндегі тіршілік таяқ тастам жерден естіліп тұратын қуанышты қимылға айналады.
 
Ас үйдегі қызу тірлік: қуырдақ
 
Жас келіндер тез арада жылы су дайындап, үлкен ыдыстарын әкеліп, ішек-қарын тазалауға кіріседі. Бұл – жауапты әрі шеберлікті қажет ететін іс. Ал үлкен абысындары соғымнан жаңа алынған өкпе, бауыр, жүрек пен жас еттің бір бөлігін пайдаланып, ерекше қуырдақ әзірлейді. Бұл тағамды жиналған жұрт ауыз тиіп, үй иесіне ақ тілегін жаудырып, бақыт пен береке тілейді. Соғымның нағыз басталуы да – осы мезет.
 
Сыбаға – қазақтың тектілігін көрсететін дәстүр
 
Қазақ халқының үлкен жүрегі мен кең даласына сай дархан пейілі – сыбаға дәстүрінен айқын көрінеді.
Соғымға келе алмаған алыс ағайынға, тұрмысқа шыққан қызға, құда-жекжатқа арнайы ет бөлінеді. Әркімнің сыбағасы өз атымен белгіленіп, бөлек сақталады. Кейде үй иесі алыстағы жақындарын арнайы шақырып: «Сыбағаңызды жеп кетіңіз», – деп құрмет көрсетеді. Бұл – ұмыт қалдырмаудың, жақынға деген сағыныш пен сыйластықтың нәзік көрінісі.
 
Еңбекті бағалау: қасапшыға берілетін «қолкесер»
 
Соғым сойып беруге көмектескен жас жігіттердің еңбегін қазақ ешқашан елеусіз қалдырмаған. «Қолкесер» деп аталатын сый – олардың еңбегіне деген ризашылықтың белгісі. Қасапшыларға малдың тиісті мүшелерінен арнайы ет салынып беріледі, "қолкесердің" мәні осы.
 
Соғым – ұлттың тұрмыс мәдениетінің айнасы
 
Қазақ үшін соғым сою – тұрмыстық әрекеттен әлдеқайда биік ұғым. Бұл дәстүрде бірлік, сыйластық, үлкенге құрмет, еңбекті бағалау, туыстық байланыстың беріктігі сүйекке сіңген сарқылмас құндылық ретінде сақталады.
 
Соғым – қыстың азығы ғана емес, рухани байланыс пен туыстық жылулықтың белгісі, отбасының шаттығы, үйдің берекесі, ауылдың ауызбіршілігі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.