AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығы – АЭС турал...

Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығы – АЭС туралы сарапшы пікірі

АЭС: Референдум 21.09.2024, 12:37 1,796 Bakyt
Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығы – АЭС туралы сарапшы пікірі
Сурет: Inbusiness.kz

Satbayev University-дің қауымдастырылған профессоры Инеш Кенжина атом электр станциясының құрылысы Қазақстанға көптеген салаларда ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сарапшының айтуынша, бастапқы кезеңде АЭС құрылысына елеулі инвестициялар қажет болғанымен, оның жұмыс шығындары көмір немесе табиғи газбен жұмыс істейтін жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл, әсіресе, отын ауыстыру кезеңінің ұзақтығы (1,5 – 2 жыл) және АЭС-тің отын құнының электр энергиясын өндірудің өзіндік құнындағы үлесінің шамамен 10%-ды құрайтындығымен байланысты. Бұл факторлар тұтынушылар үшін энергия бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

– Ұзақ мерзімді перспективада атом энергетикасы экономикалық тұрғыдан тиімді бола түседі, өйткені АЭС-тің қызмет ету мерзімі қазіргі таңда 60 жылды құрап, болашақта оны 80 және одан да көп жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, АЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесін әлемдік энергетикалық нарықтағы өзгерістерге төзімді етеді, көмірсутектерге тәуелділікті азайтып, мұнай мен газдың әлемдік бағасындағы ауытқулардан елдің экономикасын қорғайды. Бұл Қазақстанға экономиканың тұрақтылығын арттырып, шығындарды алдын ала болжап отыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Инеш Кенжина.

Оның пікірінше, АЭС сонымен қатар елдің экологиялық жағдайын жақсартуға, көміртегі шығарындыларын азайтуға ықпал етіп, жаһандық энергетикалық нарықтағы болашақ қиындықтарға дайындалуға көмектеседі. Атом энергетикасы Қазақстанға энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және экономиканы сыртқы әсерлерден қорғауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инеш Кенжина #АЭС #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);