AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның Құрлық әскерлері 30 жылдық мерейтойын...

Қазақстанның Құрлық әскерлері 30 жылдық мерейтойын атап өтуде

Әлеумет 21.04.2023, 18:17 1,284 Almaty-akshamy
Қазақстанның Құрлық әскерлері 30 жылдық мерейтойын атап өтуде
Сурет: Министрлік

Жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулардың сапасы мен саны артып келеді


1993 жылы сәуірде 40-шы жалпы әскери армия базасында құрылған Қазақстанның Құрлық әскерлері – Қарулы Күштердің құрамы жағынан ең көп әскер түрі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл әскерлер агрессияны тойтару үшін жауынгерлік дайындықты сақтау, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету міндеттерін орындайды.


Құрлық әскерлерінің құрамына «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» және «Астана өңірлік қолбасшылықтары кіреді. Өздерінің жауапкершілік аймақтарында олар жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қарсыластың кез келген қимылына тойтарыс беруге әркез дайын.


Бүгінде Құрлықтағы әскер қару-жарақ пен әскери техниканың, жоғары дәлдіктегі қарудың, байланыс, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерінің заманауи үлгілерімен жабдықталған.


Қарулы Күштердің бұл түріне мамандандырылған кадрлар даярлауды әскери оқу орындары жүзеге асырады. Офицерлер Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында білім алып шығады. Кәсіби сержанттар болса, Ақмола облысы Щучинск қаласындағы әскери колледжде оқиды. Гвардейск гарнизонының оқу-жаттығу орталығында кіші мамандар даярланады.


Құрлық әскерлері қарулы күрес сипатының өзгеруін бағамдай отырып, оқу-жаттығу процесін ұдайы дамытып отырады. Мәселен, жауынгерлік даярлыққа жеке құрамды даярлаудың жаңа әдістері енгізілуде. Қару-жарақ паркі жаңартылып, әскери инфрақұрылым дамуда. Жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулардың сапасы мен саны артып келеді.


Құрлық әскерлері – тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен әскери қауіпсіздігін қорғайтын Қарулы Күштердің толыққанды, ұтқырлығы жоғары, техникалық тұрғыда жарақтандырылған әскер түрі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрлық әскерлері #30 жылдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);