AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның Қарулы күштеріне жаңа дайындық курсы...

Қазақстанның Қарулы күштеріне жаңа дайындық курсы енгізілді

Әлеумет 27.02.2024, 11:34 1,104
Қазақстанның Қарулы күштеріне жаңа дайындық курсы енгізілді
Сурет: Gov.kz

Сабақтар Т-72 және БМП-2 танкі штаттық техникасының түнгі көру құрылғыларын жөндеу бойынша рота техниктерінің мамандарын даярлауды көздейді. 


Курстың бағдарламасы бронды техникаға электр құрылғыларын орнату шеңберіндегі базалық жалпы инженерлік дайындықты нақтылайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Курс осы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікіряевтің басшылығымен өткізіліп жатыр. Биыл ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің 42 әскери қызметшісі бастапқы курстан өтеді.  


Құрылыстың негіздері мен принциптерін, жұмыс ерекшеліктерін, түнгі көру құрылғыларының типтік схемаларының сипаттамалары мен өлшемдерін үйрену, сонымен қатар ақауларды анықтау және жоюды есептеу дағдылары мен практикалық жұмыстарды қалыптастыру курстың негізгі мақсаты болып табылады.  



«Басты міндетіміз – инженерлік-техникалық қызмет мамандарын оқыту және жоғары сапалы кәсіби даярлыққа қол жеткізу. Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға да ерекше назар аударылады», – деп атап өтті подполковник Н. Зікіряев. 



Алғашқы үш топтағы 29 әскери оқуын аяқтап үлгерді. Наурыз айының соңына дейін тағы бірнеше топ оқытылады. 


Подполковник Нұржан Зікіряев қару-жарақ пен әскери техникадағы түнде көруді жақсартатын оптикалық-электрондық жүйенің прототипін әзірлеуге қатысқанын атап өткен жөн. Жүйе жауынгерлік машинаның экипажына табиғи жарықты пайдаланбай, қараңғыда бақылауға және қозғалуға мүмкіндік береді. Прототипті брондалған дөңгелекті мен шынжыр табанды техникада да қолдануға болады. Инновациялық жүйе мемлекеттік полигонда сынақтан өтті және Қазақстан Қарулы күштерінің басқа да әзірлемелері арасында үздік деп танылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қарулы күштер #дайындық курсы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);