ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстанның Канададағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның Канададағы елшісі тағайындалды

Саясат 04.07.2023, 07:59 1,340
Қазақстанның Канададағы елшісі тағайындалды
Сурет: Akorda.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.


Бұл туралы Ақорданың  баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.


Дәулетбек Қайырбекұлы 1977 жылы 17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Еуразия гуманитарлық институтын және Стирлинг университетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде неміс тілі кафедрасының оқытушысы болып бастаған.


1999-2000 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұлттық орнықты даму орталығының кеңесшісі болды. Дипломатиялық мансабын 2000 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі лауазымынан бастаған.


2004 жылға дейін сол департаментте үшінші, содан кейін екінші хатшы болып жұмыс істеді. 2004-2008 жылдары Бельгиядағы ҚР Елшілігінің үшінші хатшысы болды.


2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда келіссөздері департаментінде басқарма бастығы қызметін атқарған. 2009-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде Сыртқы саясат орталығының кеңесшісі, инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары – Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі, ал 2017-2019 жылдары – АҚШ-тағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі. Қазақстанның Канададағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы қазаннан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі болған. II cыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.


Ағылшын, неміс, нидерланд тілдерін меңгерген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.