AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік, экология жән...

Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік, экология және су дипломатиясындағы жетістіктері

Саясат 21.02.2025, 12:40 1,000 Nursok82
Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік, экология және су дипломатиясындағы жетістіктері
Сурет: Gov.kz

Қазақстан 2024 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мен Халықаралық Аралды құтқару қорында (ХАҚҚ) төрағалық етіп, өңірлік қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды бастамаларды көтерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ҰҚШҰ-ға төрағалық ету барысында Қазақстан трансшекаралық қылмыс, терроризм және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударды. 80-нен астам іс-шара өткізілді, оның ішінде мемлекет басшыларының кездесулері, тақырыптық дөңгелек үстелдер мен әскери жаттығулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Тәжік-ауған шекарасын нығайту бағдарламасы бойынша 10 жылдық жұмыстың аяқталуы маңызды кезең болды.

ХАҚҚ төрағалығы (2024-2026) аясында Қазақстан су-энергетикалық ресурстарды басқарудың тиімді механизмін әзірлеуге және экологиялық бағдарламалардың сапалы іске асырылуына баса назар аударды. Сонымен бірге климаттың өзгеруінің теріс салдарын жеңілдету үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жүргізілді.

Су дипломатиясы бойынша да Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 2024 жылы Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық келіссөздер өтті. Қырғызстан мен Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария өзендері бойынша су алу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Қытаймен Ертіс және Іле өзендері бойынша да келіссөздер жүргізілуде. Қазақстанның БҰҰ-ның Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқа пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенциясына қосылуы да су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында маңызды қадам болып табылады.

Қазақстанның осы бастамалары өңірлік және халықаралық деңгейде экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХАҚҚ #ҰҚШҰ #су-энергетикалық ресурстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);