AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияд...

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды

Заң мен тəртіп 24.09.2025, 11:41 786
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды
Сурет: finpol.kz

Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Мақсат Дүйсенов ұсталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

 Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі растады.

Министрліктің мәліметінше, Дүйсеновті Германияның құқық қорғау органдары ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде қолға түсірген. Ол Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, кейіннен қамауға алынды.

«ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша, Германия Федеративтік Республикасының Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздеудегі тұлға неміс құқық қорғау органдары тарапынан анықталып, қамауға алынды», – делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Мақсат Дүйсенов 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының бас көлік прокуроры қызметін атқарған. Ол бұл қызметке сол кездегі Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Қайрат Қожамжаровтың өзі қазіргі уақытта қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша тергеліп жатыр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бұрынғы шенеунік #халықаралық іздеу #ұсталу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);