AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де...

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Алматы 28.03.2026, 15:08 471
Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып отыр. ТЖМ мәліметінше, қолайсыз ауа райы мен қар қорының жиналуына байланысты таулы аймақтарда қардың өздігінен сырғу қаупі бар, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірқатар өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тұрақсыз ауа райы мен кей аумақтарда қар жамылғысының қалыңдауына байланысты қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі бар.

Көшкін қаупі бар маусым басталғалы бері ел аумағында қардың өздігінен сырғуының 66 дерегі тіркелген. Жалпы қар массасының көлемі 175 мың текше метрден асқан.

Қауіпсіздік шаралары аясында 99 рет профилактикалық қар түсіру жұмысы жүргізілген.

Сондай-ақ министрлік көшкін жүруі мүмкін учаскелерге тұрақты бақылау жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Осы уақытқа дейін 378 жерүсті тексеруі өткізіліп, 110 ескерту белгісі орнатылған.

Қазіргі таңда ең күрделі жағдай Алматы қаласының маңындағы таулы аймақтарда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу және Түркістан облыстарында сақталып отыр.

ТЖМ тұрғындарға көшкін қаупі туралы ескерту жарияланған кезде таулы аймақтарға барудан бас тартуға кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);