AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның бірқатар өңірінде екінші ауысым оқушы...

Қазақстанның бірқатар өңірінде екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Әлеумет 14.01.2026, 14:05 927
Қазақстанның бірқатар өңірінде екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Сурет: istockphoto.com

14 қаңтарда аязға байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, -  деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Павлодар облысы Павлодар қаласының барлық мектептерінде екінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматта өтеді. Қалада ауа температурасы −29°C, желдің жылдамдығы 4 м/с.
Сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалаларында 1–9 сыныптың екінші ауысым оқушылары қашықтан білім алады.

Ақмола облысында ауа температурасының −28°C-қа дейін төмендеуі және желдің 3 м/с болуы себепті Көкшетау қаласындағы барлық мектеп оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Осындай шешім облыстың барлық аудандарында қабылданды.

Қостанай облысында −25°C аяз бен желдің 5 м/с жылдамдығына байланысты Қостанай қаласында 1–4 сыныптың екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды. Сондай-ақ онлайн формат Әулиекөл, Ұзынкөл, Алтынсарин, Меңдіқара, Жітіқара, Федоров, Бейімбет Майлин, Қарабалық аудандарында, Лисаковск пен Рудный қалаларында енгізілді. Қарсу ауданда 2–6 сынып оқушылары онлайн білім алады.

Атырау облысының Индер ауданында көктайғаққа байланысты 15 мектептің 0–11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Барлығы 383 сынып, 6 560 оқушы мектепке бармайды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты интернаттық ұйымдарды қоспағанда, облыстағы барлық мектептердің 72 433 оқушысы қашықтан оқытуға көшірілді. Интернаттарда тұратын 1 028 оқушы қалыпты режимде оқуды жалғастырып жатыр.

Астана қаласында екінші ауысымда 0–9 сынып оқушылары сабаққа бармай, қашықтан оқиды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қашықтан оқу #екінші ауысым #аяз #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);