ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанның бірнеше өңірлерінде ескерту жарияланд...

Қазақстанның бірнеше өңірлерінде ескерту жарияланды

Өмір-өзен 30.06.2022, 03:42 1,257
Қазақстанның бірнеше өңірлерінде ескерту жарияланды
Сурет: Oir.mobi
Кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі.

Кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі.


«Қазгидромет» мамандары еліміздің бірнеше өңірлерінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстікте солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда түнде және таңертең солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында 25 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады.


Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.


Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, 36-38 градус қатты ыстық сақталады.


Күндіз Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз орталықта және облыстың шығысында 17-22 м/с, кей тұста 28 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 35 градус ыстық сақталады.


Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді.


Түнде Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз орталықта, оңтүстікте, шығыста найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.


Шығыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.