ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның әскери теңізшілері кәсіби мерекесін а...

Қазақстанның әскери теңізшілері кәсіби мерекесін атап өтуде

Әлеумет 02.04.2024, 06:41 903
Қазақстанның әскери теңізшілері кәсіби мерекесін атап өтуде
Сурет: Gov.kz
1993 жылғы екінші сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері құрылды.

1993 жылғы екінші сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері құрылды.   


Қарулы күштердің бұл әскер түрі батыс стратегиялық бағытында қол сұғылмаушылықты, еліміздің аумақтық тұтастығын қорғауға арналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әскери-теңіз күштері теңізде жүзудің навигациялық-гидрографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметтерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау және бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде көмек көрсетеді.


Қазіргі кезеңде Әскери-теңіз күштеріне жағалаудағы байланыс, теңіз жаяу әскерлері, арнайы мақсаттағы және қамтамасыз ету бөлімшелері кіреді. Әскери корабльдер заманауи қару-жарақпен жасақталған. 


Биылғы жылға «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған, оның барысында теңіздегі көріністер, десант түсіру, бірлескен артиллериялық атыстар мен жауынгерлік жаттығулар пысықталады. 


Әскери-теңіз күштерінің құрамында отандық және шетелдік соңғы үлгідегі корабльдер бар. Елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені бұл әскерді заманауи техникамен қамтамасыз етеді. 


Былтырдан бері Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында әскери теңізшілерді «әскери істегі теңіз техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша даярлау жүзеге асырылуда. Теңіз мамандығының негіздерін болашақ штурмандар мен механиктер Ақтөбе әскери оқу орнындағы әскери-теңіз пәндері кафедрасында, ал бейіндік пәндерді үшінші-бесінші курстарда – Ақтау қаласының Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында меңгереді. Әскери теңізшілерді Ақтау қ. Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығында да оқытады, онда жас буын корабль қызметінің ұйымдастырылуымен және олардың құрылысымен танысады. 


Әскери-теңіз күштері офицерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту – Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия және Оңтүстік Кореяның жетекші әскери оқу орындарында ұйымдастырылады.


Кәсіби шеберлік, жанқиярлық қызмет және рухтың беріктігі – әскери теңізшілерді ерекшелейтін қасиеттер. Оларға елдің бірлігін, аумақтық тұтастығын және экономикалық мүдделерді қорғау жөнінде аса жауапты міндеттер жүктелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.