AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның әскери қызметшілері Армия ойындарының...

Қазақстанның әскери қызметшілері Армия ойындарының екі байқауында жеңімпаз атанды

Әлеумет 04.09.2021, 11:35 1,877
Қазақстанның әскери қызметшілері Армия ойындарының екі байқауында жеңімпаз атанды
https: Gov.kz

Еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірқатар сайыстардан жүлделі орындар иеленуде.


Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын. Қазақстанның әскери қызметшілері 11 конкурсқа қатысты. Оның 2-уі ел аумағында өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz  Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» конкурсында Қазақстан командасы бұлтарыссыз жеңіске жетті. Екінші орынды – Беларусь, үшінші орынды – Ресей еншіледі.


«Артиллериядан оқ ату шеберлері» – бұл минаатқыш бөлімшелердің жарысы. Қазақстан жауынгерлері табанды күресте негізгі қарсыласы – ресейлік әскери қызметшілерден басып озып бірінші орын алды. Үшінші орын Әзербайжанға бұйырды.


Бұдан өзге, ел Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірқатар сайыстардан жүлделі орындар алды. «Десант взводы» конкурсында ресейлік десантшыларға ғана есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.


Қазақстан сондай-ақ, «Тактикалық мерген», «Аттар марафоны», «Бейбітшілік жауынгері», «Тәртіп сақшысы», «Эльбрус шеңбері», «Теңіз кубогы» және «Армия мәдениеті» конкурстарында «қола» жүлде иегері атанды.


Армия халықаралық ойындарына қатысушы әскери қызметшілер Отаннан жырақта жүрсе де, Жамбыл облысында орын алған өрт кезінде бүкіл елмен бірге қайғырғанын бірнеше рет атап өтті. Армия ойындарындағы өздерінің жоғары жетістіктерін қаза тапқандардың рухына арнайды.


Бүгін Армия халықаралық ойындарының жабылу рәсімі күні «Танк биатлоны» конкурсының ақтық сайысы өтеді. Онда Әзербайжанның, Қазақстанның, Қытай және Ресейдің танк экипаждары бағын сынайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Армия ойындары #Әскерилер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);