Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның Әскери ғылым академиясына – он жыл

Қазақстанның Әскери ғылым академиясына – он жыл

Әлеумет 31.05.2023, 12:45 1,327
Қазақстанның Әскери ғылым академиясына – он жыл
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Әскери ғылым академиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Әскери ғылымын дамыту: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғалымдар форумына Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.


Конференцияны Әскери ғылым академиясының президенті, запастағы полковник Мұхтар Серікпаев ашты. Ол өз баяндамасында әскери оқу орындарында жасына қарай магистратура мен докторантурада оқыту мәселелерін көтерді. Оның пікірінше, әскери ғылымды дамыту және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін нығайту мүддесінде Құзыретті орталық құру қажет.


Одан бөлек, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ләззат Ералиева, Әскери ғылым академиясының бірінші вице-президенті отставкадағы генерал-лейтенант Болат Жанасаев, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, ҰҚК Шекара қызметінің Жауынгерлік кезекшілік және ситуациялық ақпараттандыру департаментінің бастығы, полковник Нағмет Садықов, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, полковник Қуанышбек Кәрменов, ҰҚУ Ұлттық ұлан факультетінің бастығы, полковник Савердин Имиров, ЕҰУ профессоры Алтай Әлімғазин, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, запастағы полковник Сатыбалды Ділманов баяндама жасады.


«ҚР Әскери ғылым академиясы» РҚБ 2013 жылы әскери ғылым мен ғылыми мектептердің сабақтастығын дамыту мақсатында құрылды. Академия ғалымдары Жоғары білім және ғылым министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ күштік құрылымдардың мүддесі үшін гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобаларын орындайды.


Бірлестік өзінің «ӘҒА-хабаршысы» деген атпен ғылыми журнал шығарады. Оның беттерінде Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары мен докторанттары, Қазақстан мен таяу шет елдердің белгілі ғалымдары жарияланады. 2020 жылы академия құрамында Қауіпсіздік және арнайы білім беру бағдарламалары институты құрылды. Оның негізінде аумақтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы, кадрлық жұмысты ұйымдастыру және әкімдіктердің, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың мамандарын әскери есепке алу курстары өткізіледі.


Атаулы күнге орай конференцияға қатысушылар «ҚР Әскери ғылымдар академиясына 10 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Ғылым #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.