ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанның 19 қаласында республикалық «JARQYRA»...

Қазақстанның 19 қаласында республикалық «JARQYRA» кастингі өтті

Мұны білген жөн 16.09.2025, 22:22 420
Қазақстанның 19 қаласында республикалық «JARQYRA» кастингі өтті
gurk.kz
15 қыркүйекте Қазақстанда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бірлесіп ұйымдастырған ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті.

15 қыркүйекте Қазақстанда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бірлесіп ұйымдастырған ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кастинг 11:00-ден 19:00-ге дейін еліміздің 19 қаласында жетекші мәдениет мекемелерінің алаңдарында қатар өтті. Оған 18 жастан асқан мыңнан астам талантты үміткер қатысты. Кастингке облыс орталықтарының тұрғындарымен қатар, ауыл-аудан азаматтары да келді. Бұл - жобаға деген зор қызығушылықты және қазақстандықтардың кинематография саласында өзін-өзі жүзеге асыруға деген ынтасын айқын көрсетті.

«JARQYRA» жобасы – ұлттық киноны дамытуға бағытталған маңызды қадам. Ол жаңа есімдерді іздеп табуға, елдің болашақ актерлер буынын қалыптастыруға жол ашады. Жобаның жүзеге асуы Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстардың және Мәдениет және ақпарат министрі АидаБалаеваның қолдауының арқасында мүмкін болды.

Үміткерлер де өз әсерлерімен бөлісті. Талдықорғаннан келген қатысушының айтуынша, бұл кастинг ол үшін көптен күткен ерекше оқиғаға болды: «Мен көптен бері кинода өзімді сынап көргім келетін. Кастинг жайлы естіген сәтте-ақ қатысуға бел будым. Енді өз қаламызда дәл осындай бірегей мүмкіндіктердің бар екені қатты қуантады».

Шымкент қаласының тұрғыны да кастингтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, іс-шараның жылы әрі достық атмосферасын ерекше бағалады. Оның айтуынша, кастингке қатысу – болашақта қажет болатын құнды тәжірибе.

Іріктеу нәтижесінде үміткерлердің анкеталары мен бейнематериалдары www.kazakhcinema.kzресми сайтындағы актерлердің онлайн-базасы бөліміне орналастырылады. Бұл база продюсерлер мен кинокомпаниялар үшін жаңа жүздерді болашақ фильмдерге табуға ыңғайлы ашық платформаға айналады.

Кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали: ««JARQYRA» кастингі – жай ғана іріктеу емес. Бұл – дарынды жастарға үлкен киноға алғашқы қадам жасауға берілген нақты мүмкіндік. Бүгін біз аймақтарда шығармашылық әлеуеті зор көптеген жастар бар екеніне көз жеткіздік. Олардың жолы дәл осы жерден басталуы мүмкін. Бір кездері Самал Еслямова, Гузель Жан немесе Марат Әбішевтің осылай басталған. Мұндай оқиғалар жаңа буынға шабыт беріп, үлгі бола алады» деп атап өтті.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен бүгінде 118 фильмнің өндірісі аяқталды. Оның ішінде 34 дебюттік жоба бар. Көптеген картиналар қазақстандық көрерменнің ықыласына бөленіп қана қоймай, елімізден тыс жерлерде де киносыншылардың жоғары бағасына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.