ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты еск...

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Әлеумет 02.09.2022, 16:59 1,308
Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Кazhydromet.kz
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде күн бұзылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай ауданының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі...

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде күн бұзылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай ауданының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік, шығыс, батыс бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Көкшетау қаласында күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз күн 35 градусқа дейін ысиды.
Атырау облысының батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысында күндіз 35 градус ыстық болады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз күн 37 градусқа дейін ысиды.
Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, қатты жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында жел екпіні 15-20, күндіз 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығыс бөлігінде 38 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қостанай қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында күндіз облыстың оңтүстік бөлігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болатыны күтілуде. Өрт қаупі сақталуда. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғып, күндіз батыста, шығыс бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталуда. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғады деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-18 м/с жел соғады.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде оңтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Павлодарда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, дауыл көтеріледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.