AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек ж...

Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Саясат 11.02.2023, 11:39 1,766 Аlmaty-akshamy.kz
Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
сурет:tengrinews.kz

Гуманитарлық көмек Алеппо қаласына Қазақстан Ұлттық гвардиясының төрт рейсімен аттанды.


Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Атап айтқанда, Қазақстан мемлекеттік резервтен консервілер, жылы киім, қысқы шатырлар, төсек-орын және төсек жабдықтарын жөнелтті. Гуманитарлық көмек Алеппо қаласына Қазақстан Ұлттық гвардиясының төрт рейсімен жеткізілді.


IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүктің жеткізілуін бақылау үшін Сирияға өзі аттанды.



Жүкті тапсыру рәсіміне Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Даваалиби, Алеппо әуежайының директоры Мұхаммед әл-Масри, Сирия Қызыл Жарты ай ұйымының өкілдері Самир Шубуки, Ахмад Самун, Анас Самаа, сондай-ақ Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы қатысты.


Қабылдаушы елдің атынан сөз алған Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауаалиби Қазақстан халқына шексіз алғысын білдірді. Оның айтуынша, қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, көмек көрсеткен қазақ халқы ешқашан ұмытылмайды.



«Сирия, Түркия және басқа да елдерде жер сілкінісінен зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Біздің команда жағдай тезірек шешіледі деп үміттеніп, ержүрек құтқарушыларға қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді», - деді IOFS бас директоры Е. Байдәулет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Сирия #Гуманитарлық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);