ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстаннан шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі...

Қазақстаннан шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді

Әлеумет 08.06.2022, 08:48 1,394
Қазақстаннан шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
Сурет: Akchabar.kg
Президент комиссия қызметіне жеке бақылауды жүзеге асыруға ниетті.

Президент комиссия қызметіне жеке бақылауды жүзеге асыруға ниетті.


Қазақстан Президентінің экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Президент елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға қаулы етті.


Комиссия құрамы келесідей бекітілді:



  • Бас прокурор, Төраға;

  • Бас прокурордың орынбасары, төрағаның орынбасары;

  • Ұлттық банк төрағасы;

  • Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;

  • Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі;

  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы;

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;

  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;

  • Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;

  • Ішкі істер министрі;

  • Әділет министрі.


Ведомствоаралық комиссияға бір апта мерзімде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын Президенттің қарауына енгізу тапсырылды.


Бұдан басқа, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы есеп береді. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.


Айта кетсек, 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының шетелге заңсыз әкетілген қаражатты қайтару жөнінде комиссия құрғаны хабарланды. Президент комиссия қызметіне жеке бақылауды жүзеге асыруға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,269 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.