Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстаннан шет мемлекеттерге көліктермен көмір ә...

Қазақстаннан шет мемлекеттерге көліктермен көмір әкетуге тыйым салу жоспарланып отыр

Әлеумет 28.07.2022, 09:00 1,443
Қазақстаннан шет мемлекеттерге көліктермен көмір әкетуге тыйым салу жоспарланып отыр
Сурет: Qaz.ulysmedia.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің осындай бұйрығы жарияланды.


Ведомство биыл коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылатын көмір бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында жоспар әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Аталған жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы көмір тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннана болады деп болжануда. Оның ішінде, коммуналдық-тұрмыстық секторға - 2,6 млн, ал халыққа сатылатыны 7 млн тоннаны құрамақ.



«Былтыр қыркүйекте ауа райының күрт салқындауына байланысты елдің орталық және солтүстік аймақтарында көмірге сұраныс артты. Осы жағдайды пайдаланған алыпсатарлар бір тоннасын 13 мың теңгеден сатып алып, оны тұрғындарға 30 мың теңге сатты. БАҚ арқылы халықтан ішкі нарыққа арналған көмір экспортқа шығарылып жатыр деген өтініштер түсті. Талдау көрсеткендей, өткен жылы көрші елдерге көмір экспортының көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасына 19 пайызға, Өзбекстан Республикасына 30 пайызға экспорт өсті. 2021 жылы Қырғыз Республикасына теміржол арқылы 1 020 тонна (2050 вагон), автомобильдермен 123 мың тонна көмір тасымалданған. Сондықтан халықты көмірмен қамтамасыз етуде келіспеушіліктер туындамас үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 6 айға көмірді автомобильдермен Қазақстан территориясынан әкетуге тыйым салу орынды деп санайды», - деп көрсетілген бұйрықта.



Құзырлы орган дерегінше, аталмыш бастама Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапқан. Бұйрық 10 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көмір әкету #тыйым #министрлік бұйрығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.