ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгі...

Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

Экономика 14.06.2024, 14:03 653
Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді
Сурет: Bossagro.kz
«Қант әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 196 бұйрығымен 2024 жылғы 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде...

«Қант әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 196 бұйрығымен 2024 жылғы 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді.

Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды.

Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қант шығаруға уақытша шектеу шараларын белгілеу туралы шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда 2024 жылғы 6 мамырда қабылданды.

Айта кетейік, жазғы кезеңде ішкі нарықта қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсуі байқалады. Осыған байланысты, қант әкетуге уақытша тыйым салу ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның кері экспортын болдырмау мақсатында енгізілді.

Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта елдегі қант қоры қант қызылшасының жаңа өнімі басталғанға дейін қантқа деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Бұдан бөлек, отандық қант зауыттары қант өндіру үшін үшінші елдерден қамыс шикізатын әкелуді жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Министрлік өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін шикі қантты бажсыз әкелуге өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, ЕЭК аясында Қазақстан Республикасы үшін ағымдағы жылы 300 мың тонна көлемінде шикі қант бажсыз әкелуге квота келісілді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.