AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстаннан киік ауып жатыр

Қазақстаннан киік ауып жатыр

Әлеумет 27.10.2023, 06:20 1,745
Қазақстаннан киік ауып жатыр
Сурет: интернеттен

Обалы кімге? Киіктің киесі ұрып жүрмесін. 


Киік санын реттеуге кіріскен инспекторлардың әрекеті халықтың наразылығын тудырып жатыр. Үкіметтің қаулысымен киіктердің санын реттеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Azattyq-ruhy.kz-тің мәліметінше, ақбөкендердің ең көп шоғырланған жері - БҚО аумағы. Елімізде киік саны ресми дерек бойынша 2,6 миллионнан асады. Биыл желтоқсан айына дейін 300 мың киікті аулауға рұқсат берілген.


Бүгінде әлеуметтік желіде "базарда киік еті сатылып жатыр, 1500 теңге/кг" деген хабарламалар тарап кеткен. Журналист Фархат Абиловтың фейсбуктегі жазбасына қарағанда, киіктерді Орал даласынан атып, бір күн салқындатып, базарға алып келеді. Тіпті whats app-тан арнайы топ ашып, адамдар кезекке тұрады. Таласып алып жатқан көрінеді. 


Әлеуметтік желі қолданушылары киіктерді осындай жолмен жою ешқандай санитарлық нормаға сай келмейтінін айтуда. Оқырмандар "Бауыздамай атып өлтірген киіктің етін адамдар қалай жейді?", "Бұларға ешкім екпе де салмаған, ертең ауру тарап жүрмесін", "Қызылордада 1450 деген бағамен сатып жатыр, Оралға жақын, Атырауда 1700 теңгеге көтеріп үлгерді" деген сыңайдағы түрлі пікірлер қалдырған.



Тағы бір ақпарат, киіктер Ресейге ауып жатыр деген видеолар тарап жатыр. Осыған байланысты тағы бір пікірді назарларыңызға ұсынамыз: 



"Киіктің санын реттеу керек.Бірақ кешенді түрде. Ал ауылшаруашылыққа 12 млрд теңге шығын келді дегені жалған. Бір шаруа қожалық ақбөкеннен келген шығынды нақты айта алмайды. Нақақтан нақақ дала серкесіне жала жапты. Барлық мәселе жерді онды-солды таратып тастауда. Анау табиғат бишараларының баратын жері, басатын тауы, ішетін суы қалмады", - дейді  Сәкен Ділдахмет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киіктер #ату #ауып жатыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);