Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың реко...

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды

Әлеумет 11.04.2023, 09:50 1,007
Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды
Сурет: Ашық дереккөз

Инвестициялардың жалпы көлемі $28 млрд-ты құрады


2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі $28 млрд-ты құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7%-ға артық ($23,8 млрд). Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Осылайша, Үкімет пен өңірлер әкімдіктері жұмысының арқасында өткен жылы ҚР Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының 2026 жылға дейінгі аралық нысаналы индикаторлары 14,3%-ға асыра орындалды (жоспар – $24 млрд).


Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер: Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%), АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%), Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%), Бельгия – $1,56 млрд (+46%), Ресей – $1,52 млрд (-19,7%), Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%), Қытай – $1,43 млрд (-22,5%), Франция – $770,2 млн (+27,4%), Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%). 


Инвестициялар ең көп тартылған салалар: тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%), өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%), көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе), көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%), құрылыс – $698 млн (-3%), қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%), электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.


Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер: Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%), Алматы – $7,57 млрд (+11%), Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе), ШҚО – $2,2 млрд (+3%), БҚО – $1,12 млрд (+7%), Алматы облысы – $698,2 млн (+47%), Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе), Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%), СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.