ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстанға 50 миллион халық керек пе?

Қазақстанға 50 миллион халық керек пе?

Экономика 07.04.2025, 10:28 603
Қазақстанға 50 миллион халық керек пе?
Сурет ЖИ
Экономикалық өсім мен демография арасындағы байланыс

 Экономикалық өсім мен демография арасындағы байланыс

"Қазақстанға 50 миллион халық керек пе?" деген сұрақтың жауабын біз демография саласының маманы Аяулым Сағынбаевамен бірге іздеп көрдік. Сарапшымен бірге еліміздің демографиялық мүмкіндіктері мен қауіптері жайында ой жүгіртіп, бұл меженің шынайылығына үңілдік. 

Халық саны көп болса, нарық дамиды ма?

Қазақстанда ішкі нарықтың шағындығы, тұтынушылық сұраныстың төмендігі жиі айтылатын мәселе. Кей сарапшылар бұл жағдайды халық санының аздығымен байланыстырады. Алайда демограф Аяулым Сағынбаева бұл пікірге біржақты қарауға болмайтынын айтады.

«Халық саны артық немесе кем деп айту дұрыс емес. Маңыздысы – халықтың тығыздығы мен орналасуы. Қазіргі уақытта Қазақстанда бір шаршы шақырымға 7 адамнан ғана келеді. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Ұлытау облысында бұл көрсеткіш – небәрі 1,2 адам. Ал Астанада – 1795 адам, Алматы облысында – 3300 адам. Тығыз орналасқан өңірлерде инфрақұрылымның сапасы да соған сай болуы қажет. Егер халық саны артқанымен, инфрақұрылым дамымаса, бұл кері әсер етуі мүмкін», – дейді сарапшы.

50 миллион адам – артықшылық па, әлде қауіп пе?

Жер көлемі ауқымды Қазақстан үшін 50 миллион халық қажет деген пікір бар. Бірақ демографиялық теориялар мұндай өсімнің тәуекелдері де бар екенін ескертеді.

«Мальтузиандық теория бойынша, халық саны геометриялық прогрессиямен өссе, ресурстар – арифметикалық прогрессиямен артады. Бұл аштық, дерт, қақтығысқа әкелуі мүмкін. Халықтың артуы – ішкі нарықты кеңейтеді, бірақ экономикамыз шикізаттық сипатта болғандықтан, бұл өсім игілікке автоматты түрде әкеледі деп айту қиын», – дейді Аяулым Сағынбаева.

Алматы, Астана, Шымкент: халық санының экономикаға әсері

Сарапшы үш ірі қаланың даму үлгісін мысалға келтірді:

  • Алматы мен Шымкент – сауда мен қызмет көрсету саласы дамыған, мемлекеттік бюджетке толық тәуелді емес қалалар. Халық санының артуы мұнда экономиканың әртараптануына ықпал етеді.

  • Астана – әкімшілік орталық. Экономикасы мемлекеттік бюджетке байланған. Халық санының артуы – инфрақұрылым мен жұмыс орындарының тапшылығына әкелуі мүмкін.

Сапалы адами капитал – шешуші фактор

Сарапшы пікірінше, халық санының артуы жағымсыз фактор емес, бірақ ол тек білімді, дені сау, еңбекке қабілетті азаматтармен ғана экономикалық өсімге түрткі бола алады.

«Білім сапасы жоғары болған сайын, халық санының өсуі тиімді. Сонымен бірге халықтың денсаулығы мен жас құрылымы да маңызды. Еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі азайып, қарттар мен балалар көбейсе, бұл – үлкен әлеуметтік жүк», – дейді демограф.

Көші-қон және оның әсері

Соңғы екі жылда халық саны күрт өсті. Бұл тек табиғи өсіммен емес, сырттан келген көші-қонмен де байланысты. 200 мыңнан астам адам Қазақстанға қайта оралды.

«Геосаяси жағдай ушығып тұрған кезде көші-қон күшейеді. Ал халық санының күрт өсуі – білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді. Бізге экономикалық демографтар қажет, бірақ ондай мамандық әзірге дайындалмайды», – дейді Сағынбаева.

Демографиялық терезе жабылып келеді

Экономикалық өсімге қолайлы уақыт – демографиялық терезе деп аталады. Бұл кезде:

  • туу деңгейі төмен,

  • еңбекке қабілетті халық үлесі жоғары,

  • халық қартаюы төмен болуы керек.

«2000-жылдардың басында біз осы мүмкіндікті пайдалана алмадық. Қазір терезе жабылып келеді. Қарттар мен балалар саны артып, еңбекке жарамды топ азайып жатыр. Қазақстан демографиялық тұрақтылыққа назар аударуы қажет. Бұл тек халық саны емес, оның өзгерістерге бейімділігіне де байланысты», – деп қорытындылады сарапшы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.