Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға 136 мыңнан астам көлік импортталған

Қазақстанға 136 мыңнан астам көлік импортталған

Әлеумет 21.12.2023, 12:43 1,131
Қазақстанға 136 мыңнан астам көлік импортталған
Сурет: ашық дереккөз

Осы жылдың 11 айында Қазақстан Республикасына 2,7 миллиард АҚШ доллар соманы құрайтын 136,5 мың автокөлік әкелінген, 358,1 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 есе көп, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1 355 млн. АҚШ доллары сомасын құрайтын 46,2 мың автокөлік әкелініп, 183,6 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді. Кедендік құн бақылауының қорытындысы бойынша қосымша - 49,4 миллиард теңге өндірілді (бастапқы сомасы 107,5 миллиард тенге, түзетулерді ескере отырып 156,9 миллиард теңге құрады). Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар. Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импортаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құнының көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б). Сондықтан көлік құралын кедендік құнды қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек. Құжаттар ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, бантік аударым, аукциондық бет және т.б. қолданыла алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #экономика #кеден
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.