Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға 100 үздік оқытушы мен ғалым шетелден ш...

Қазақстанға 100 үздік оқытушы мен ғалым шетелден шақырылады

Әлеумет 13.12.2022, 13:25 1,026
Қазақстанға 100 үздік оқытушы мен ғалым шетелден шақырылады
Сурет: Ашық дереккөз

«Ғылыми-педагогикалық виза» берудің оңайлатылған тәртібі енгізіледі.


Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыру үшін шетелден 100 оқытушы мен ғалым шақырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Спикердің айтуынша, Еңбек министрлігі басқа да құзіретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2023-2027 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеген.


Оны 30 қарашада Үкімет қаулысымен бекітті.



«Жаңа тұжырымдама еліміздің көші-қон саласын реттеуге және экономика дамуын кадрлық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Оның аясында алдағы жұмыс барысы 3 блоктан тұрады, бірінші – елімізге білікті кадрларды келуін ынталандыру, екінші – шетелге шыққан біздің азаматтардың жұмысын реттеу немесе еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар, үшінші – өңірлер арасындағы демгорафиялық теңсіздікті жоюға арналған жұмыстар болады», - деді Ілияс Испанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Елімізге ең тапшы мамандықтар бойынша 500 мықты маманды тарту үшін 7 бағытта жұмыс жүргізіледі.


Бірінші бағыт – Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыруды көздейтін білім иммиграциясы.



«Бұл бағыттағы жұмыс жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын күшейтуге және білім беру сапасын арттыруға арналған. Ол үшін 100 үздік оқытушы мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды Қазақстанға тарту ұсынылады. Бұл мақсатта 10 жылдық «Ғылыми-педагогикалық виза» берудің оңайлатылған тәртібі енгізіледі. Соның негізінде Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат, кейіннен азаматтық алу мүмкіндіктері қарастырылады. Дәл осындай мүмкіндікті тапшы мамандықтар бойынша оқитын шетелдік студенттер арасынан магистранттар мен бакалаврларға да беру қаралады», - деп түсіндірді І. Испанов.



Сонымен бірге, инвестициялық виза берудің төменгі шегін 300 мың АҚШ долларына (шамамен 140 млн теңге) дейін азайту қарастырылған.


Осы санаттағы мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылады.


Бұл виза елде тұруға, бизнесін тіркеуге, мүлікке иелік етуге, жұмыскер жалдауға, қаржы төлемдерін жасауға және олардың кәсіпкерлік қызметінен туындайтын өзге де операциялар жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #Шетелдік маман #виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.