ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қазақстандықтарға жоғары дәлдіктегі және аз инвази...

Қазақстандықтарға жоғары дәлдіктегі және аз инвазивті операциялар қолжетімді болды

Медицина 19.09.2024, 19:44 1,120
Қазақстандықтарға жоғары дәлдіктегі және аз инвазивті операциялар қолжетімді болды
Сурет: Gov.kz
Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы микрохирургиялық жүйелерден бастап роботты кешендерге дейінгі медициналық құралдар кешенін енгізе отырып,...

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы микрохирургиялық жүйелерден бастап роботты кешендерге дейінгі медициналық құралдар кешенін енгізе отырып, медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейіне шықты.

 Жаңа жабдық операцияларды жоғары дәлдікпен және аз инвазивтілікпен жүргізуге, пациенттерді оңалту уақытын қысқартуға және асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Орталықты жаңғырту «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды, ол жабдықтарды сатып алуға шамамен 400 млн теңге бөлді. Негізгі жаңалықтардың бірі Қазақстанда алғаш рет қолданылатын Mast Quadrant хирургиялық ретракторы болды. Бұл омыртқаға жоғары дәлдікпен операция жасауға мүмкіндік береді, жұмсақ тіндердің жарақаттарын азайтады және пациенттердің тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Қазына» сияқты әріптестердің қолдауының арқасында Қазақстан медицинада жаңа технологияларды белсенді енгізуді жалғастырып, оларды тек елордалық қана емес, өңірлік медициналық орталықтар үшін де қолжетімді етеді», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Бұл жүйелерді енгізу - технологиялық серпіліс қана емес, мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жасалған қадам.

«Бұл - ұлт денсаулығына салынған инвестиция. Жаңа жабдық, әсіресе тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қордың басшысы Нұрлан Жақыпов.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қор сонымен қатар, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен ел өңірлеріндегі оңалту орталықтарының желісі сияқты медициналық мекемелерді жаңғыртуды қолдайтынын айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.