AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтарға 175,8 млрд теңгеден астам жәрдем...

Қазақстандықтарға 175,8 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Әлеумет 14.06.2022, 04:18 1,051
Қазақстандықтарға 175,8 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Сурет: 24.kz

Әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 318 теңге.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері жәрдемақыға мұқтаж мемлекет азаматтарына 175,8 млрд теңгеден астам қаражат төледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 175,8 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде 2022 жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлеуге 8,2 млрд теңге жұмсалды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,9 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 180,1 мыңға жетті.


Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.


2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 318 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 45 906 теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы #төлем #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);