ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңг...

Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті

Әлеумет 27.06.2022, 09:04 1,066
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Сурет: Media.umag.kz
Алматы қаласында 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 млрд теңгені құрайды.

Алматы қаласында 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 млрд теңгені құрайды.


Республика бойынша бүгінде жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 919 мың салық төлеуші бойынша 24,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд теңге. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 


Олардың ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:​


Алматы қаласында 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 млрд. теңгені құрайды;


Алматы облысында 132 мың борышкер бойынша берешек 3,9 млрд. теңгені құрайды; 


Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тиісінше 76 мың борышкердің 2,6 млрд. теңге және 1,9 млрд. теңге берешегі бар. 


2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын еске саламыз. 


2022 жылғы 17 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды. 


Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. 


Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. ҚР шығуға тыйым салу туралы ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors. 


Жазғы каникул және демалыс маусымы кезінде жағымсыз салдарларды болдырмау үшін Комитет салық берешегі болған жағдайда уақытылы төлем жүргізуді ұсынады. Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының қойындысы Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады. E-Salyq Azamat мобильді қосымшасын сілтеме арқылы орнатуға болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,340 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.