AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-...

Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады

Әлеумет 10.10.2024, 13:06 1,255 Nursok82
Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстандықтарда eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрондық әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Samsung Wallet-тегі цифрлық жеке куәлік – бұл жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісі. Азаматтар физикалық тасымалдаушыны жоғалтудан немесе ұрлатудан қорықпай, өз құжаттарын бірден цифрлық түрде ұсына алады. Барлық деректер жеке ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған.

Бұл функция Egov Mobile қолданбасы орнатылған Samsung смартфондарының пайдаланушылары үшін қолжетімді.

Құжаттарды қосу үшін пайдаланушыға:

- Egov Mobile қолданбасында авторизация жасап, «Цифрлық құжаттар» сервисіне өту керек,

- «Жеке куәлік» цифрлық құжатын ашу және «Samsung Wallet әмиянына қосу» батырмасын басу керек,

- дербес деректерді өңдеу туралы келісіммен танысу, оларды өңдеуге өз келісімін беру және оған ЭЦҚ арқылы «Қол қою» қажет.

Цифрлық куәліктің ақпараттар бөлімінде көрсетілген жарамдылық мерзімі азаматтың физикалық жеке куәлігінде көрсетілген мерзімге сәйкес келетін болады. Егер уақыт өте келе куәліктегі ақпарат өзгерсе, онда пайдаланушы ағымдағы Цифрлық куәлікті өшіріп тастап, физикалық куәлікті қайта шығарған кезде оны жаңарту үшін қайта қоса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Куәлік #Цифрлық куәлік #Samsung Wallet
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);