AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстандықтардың емделу кезінде денсаулығына кел...

Қазақстандықтардың емделу кезінде денсаулығына келтірілген залал өтеледі

Медицина 02.11.2022, 11:33 1,438
Қазақстандықтардың емделу кезінде денсаулығына келтірілген залал өтеледі
Сурет: Alataugazeti.kz

Қазақстандықтардың медициналық көмек алу кезінде денсаулығына келтірілген залал өтеледі.


Мұндай норма медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға байланысты жаңа заң жобасында қарастырылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты түзетулер қазір Мәжілісте қаралып жатыр. Оларды қабылдау нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің сапасы да арттырылмақ.



«Тиісті заң жобасын Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында алға қойған міндеттерін іске асыру мақсатында әзірледі. Президент медицина қызметкерлерінің құқықтық және қаржылық қорғалуы мен жауапкершілігіне, оның ішінде кәсіби қызметіне кепілдік беретін жүйені әзірлеп, енгізуді тапсырған болатын.


Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс пен Қылмыстық кодекске, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Жалпы, түзетулер медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, пациенттер құқықтарын қорғауға және медициналық көмек сапасын арттыруға бағытталған», - дейді Мәжіліс депутаты, дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Елеуов.



Заң жобасы аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін қолданыстағы сақтандыру компаниялары арқылы болжамды сақтандыру жүйесі әзірленген.



«2023 жылдан бастап медициналық ұйымның өзі сақтандырушы болады, ал 2025 жылдан бастап медициналық ұйым мен медицина қызметкері сақтандыру жарналарын тең үлесте төлейді. Бұл бірлескен кәсіби жауапкершілікке әкеледі. Бұл ретте медициналық ұйым пациенттерден немесе олардың туыстарынан түскен шағымдарды медиацияны және мамандандырылған медициналық бірлестіктерді тарта отырып ішкі аудит қызметі деңгейінде қарайтын болады. Келіспеушілік туындаған жағдайда шағымдар сараптамалық қорытынды беру үшін медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беріледі», - дейді депутат.



Сондай-ақ, заң жобасында медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкцияларын азайту ұсынылады.


Түзетулерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар да енгізіледі. Олар: біржолғы төлеммен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағы, «Үздік маман» республикалық конкурсының жеңімпазы.


Қазіргі уақытта заң жобасы қоғам белсенділері мен дәрігерлердің қатысуымен жұмыс тобында қаралып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстандықтар #денсаулық #медициналық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);