AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың электронды қызметке деген сұран...

Қазақстандықтардың электронды қызметке деген сұранысы артып келеді

Әлеумет 28.06.2022, 06:19 1,173
Қазақстандықтардың электронды қызметке деген сұранысы артып келеді
Сурет: 24.kg

Мемлекет азаматтарына 18 құжат өзге цифрлық платформаларда қолжетімді.


Қазақстан Үкіметі мемлекет азаматтары арасында цифрлық сервистерге деген сұраныс артып отырғанын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгінде электронды қызметтер саны бойынша, оң өзгерісті байқап отырмыз. Сонымен қатар EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану екі есеге өскен. Бұдан бөлек, цифрлық сервистер азаматтар арасында кең сұранысқа ие. Мәселен, цифрлық құжаттар осы жылдың 5 айында 6 млн-нан астам валидациялағанын атап өткен жөн. Жалпы, бұл меморогандар мен мекемелердің цифрлық құжаттарды кеңінен қолдануын айғақтайды», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында.



Ведомство басшысының айтуынша, қазір азаматтарға 18 құжат өзге цифрлық платформаларда қолжетімді. Осы жылдың соңына дейін ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығару жоспарланған.



«Сондай-ақ SMS арқылы заңсыз тіркелу мәселесін шештік. Байланыс орталығының күту уақытын 5 минуттан 20 секундқа дейін қысқарттық. Азаматтарды құжаттандыру бойынша адами факторсыз ұсынылатын, жаңа перспективалық жобаны іске асырудамыз. Егер бүгінгі таңда орташа есеппен 20-30 минут кетсе, терминалдарды орнатқан соң, процесс 5-10 минутқа дейін қысқарады», - деді Бағдат  Мусин.



Айта кетсек, «Видео ХҚО» жобасы азаматтарға кеңес алудан бөлек, ЦОН-ға жүгінбей-ақ қызметті қашықтан алуға мүмкіндік береді. Осы тәсіл арқылы 13 қызмет қолжетімді, ал жыл соңына дейін 63 қызметке дейін өседі. «Осыған орай, меморгандармен бірлесіп, 2025 жылға дейін азаматтарға консультация және қызмет көрсетуді осы «Видео ХҚО» тәсілі арқылы ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деді Цифрлық даму министрі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #қызмет #сервис #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);